ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНА ҚОЛДАУ АРТА ТҮСПЕК

20:37, 3 қазан 2019

Әлеуметтік кепілдіктер, ұстаздардың құқықтарын кеңейту, мұғалімдердің жүктемесін азайту. Мемлекет басшысының тапсырмалары аймақта жүйелі орындалуда. Бұл туралы білім саласы қызметкерлерінің төл мерекелеріне арналған жиында айтылды. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов оңғы жылдары бұл салаға қомақты қаражат құйылды деді. Мектептер жөнделіп, жаңадан бой көтерген балабақшалар саны артқанын атап өтті.

Тілектердің ізгісі – ұлағатты ұстаздарға. Білім беру саласының ардақты ардагерлерін көрермендер орындарынан тұрып үлкен қошеметпен қарсы алды. Жастар сарайында өткен мәні мен сәні жарасқан салтанатты шара мұғалімдердің құрметіне арналды. Мерейлі мамандық иелеріне Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жүрекжарды жылы лебізін жолдады.

Білім саласындағы жемісті еңбегі үшін бірқатар мұғалім марапатқа ие болды. Мерейді өсірген бұл құрметтің, шығармашылықтарына тың серпін беретінін айтады педагогтар. Әріптестеріне де құтықтауларын білдірді.

Өзінің еңбек жолын бастауыш сыныбы мұғалімінен бастаған Қымбат Қабылдина бүгінде Науырзым ауданы Раздольный ауылындағы орта мектепте директор болып еңбек етеді. Өмірін білім беру саласымен байланыстырған ұлағатты ұстаз өзін бақытты санайды. Мерейлі мерекеде Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

Отандық білім беру жүйесінде толағай табыстар көп. Озаттыққа ұмтылу жолындағы мақсаттар бағындырылды. Соңғы жылдары 13 жаңа мектеп бой көтеріп, балабақшалардың саны еселей түсті. Оқу бағдарламасымен қоса, мектептердің материалдық базасы жаңарды. Мұғалімдердің әлеуметтік ахуалы да жақсарды. Мемлекет басшысы алдағы 4 жыл ішінде ұстаздардың еңбекақысын 2 есе артыруды тапсырды. Дарынды балаларға арналған білім инновациялық лицей интернатының мұғалімі Құлмағанбет Есжанов шәкірттерінің шыңнан көрінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Абай атындағы Астана опера театрының өнерпаздары мереке иелеріне деген құрметтерін өнерлерімен танытып, ән мен жырдан шашу шашты. Мейрам иесі мұғалімдердің көңілдері көтеріңкі бүгін. Гүл дестелері мен сый-сияпат, әсем әндердің күллісі – ұстаздардың ғана құрметіне!

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:46, 4 қараша 2019
ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...