ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУГЕ БЫЛТЫР 3,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ БАҒЫТТАЛДЫ

20:17, 13 қаңтар 2021

Қостанай облысында былтыр білім беру ошақтарын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа 3,5 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік бағдарлама аясында 100- ден артық нысан қалыпқа келтірілді. Жаңадан 3 мектеп салынды. Жаңартылған білім беру мекемелерінде аймақ басшысы болды.

Қостанайдағы №17-ші мектеп үшінші тоқсанда шәкірттерді жаңа кейіпте қарсы алды. Ғимарат ішіндегі асхана, спорт, мәжіліс залдары мен кітапхана толығымен жөнделді.  Барлық сыныптарда терезелер ауыстырылып, едендер жаңартылды. Жылу жүйесі мен электр желілері  қалпына келтірілді. 

Сыныптардың іші су жаңа жиһаздармен жабдықталған. Көрнекілік тақталар, компьютерлік технологиямен қамтылған. Әрине, бұл өзгерістер оқушылармен қоса мұғалімдерді де қуантқаны рас. Мұндай жағымды өзгерістер оқушылардың сабақ үлгіріміне оң әсер ететіні анық.

Мектепке бас сұққан облыс әкімі атқарылған жұмыстарға көңілі толғанын айтып,  енді пандемия жағдайында  қауіпсіздік мәселесін назардан тыс қалдырмады. Санитарлық ережелерді сақтау қажеттілгін ескертті.   

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында облыстағы білім беру мекемелеріне  санитарлық-гигиеналық заттардың  қажетті қоры сатып алынды. Бұл мақсатқа 375 млн. теңге бөлінді.

Күрделі жөндеумен қамтылған  келесі нысан- Қостанайдағы №27 балабақша. Мұнда 300-ге тарта бала тәрбиеленуде. Жаңартылған мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жеке бассейн,  спорт және музыка залдары бар. Бөлмелер мен кабинеттер түбегейлі жаңартылған. Заманауи  оқу жабдықтары қарастырылған.

Облыс орталығындағы білім беру нысандарын жөндеугебылтыр 3,5 млрд теңге қаражат бөлінді. Ағымдағысын айтпағанда 7  білім ошағы күрделі жөндеумен қамтылды.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАР. САНИТАРЛЫҚ  ЕРЕЖЕЛЕР  САҚТАЛҒАН БА?
20:58, 19 қаңтар 2021
КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАР. САНИТАРЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР САҚТАЛҒАН БА?
Толығырақ...
COVID- 19:  5-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАШЫҚТАН ОҚУҒА КӨШТІ
20:35, 18 қаңтар 2021
COVID- 19: 5-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАШЫҚТАН ОҚУҒА КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:36, 14 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...