Білім бәйгесінің үздіктері марапатталды

Жаңа жобалар, тың идеялар - жетістіктер! Қостанайда республикалық ғылыми жобалар жарысында жеңіс тұғырынан көрінген озат оқушыларды марапаттау салтанаты өтті. Ақпан айында Алматы қаласында болған білім бәсекесінде біздің өңір өрендері өз метептері мен мұғалімдерінің мәртебесін асқақтатты. Осыған орай, қалалық әкімдік өкілдері мен білім бөлімінің мамандары үздік шәкірттерді ұлықтады.

18:02, 20 сәуір 2017   190

Жалпы саны 17 медаль. Соның екеуі – алтын. Бұл - республикалық ғылыми жобалар және оқушылар олимпиадасында қостанайлық өрендердің қол жеткізген қомақты жетістігі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жергілікті билік өкілдері дәстүрге сай салтанатты түрде марапаттады.

Білім олимпиадасында қол жеткен жеңіс мұғалімдер мен оқушылардың жылдар бойы жинаған тәжірбиесі мен ізденістерінің жемісі екендігі еш талас тудырмайды Сонымен қатар, шәкірттердің бұл жетістіктеріне облыстық «Дарын» ғылыми зерттеу орталығының да қосқан үлесі орасан дегенді айтады мамандар.

Сарапқа салынған 18 медальдің тоғызын қанжығалаған қостанайлық үздік шәкірттер бұл нәтижемен тоқтап қалмақ емес. Ел көлемінде жүзден жүйрік атанған оқушылар алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруды көздейді. Халықаралық олимпиадаларда өңір атын асқақтатуды мақсат етіп отыр.

 

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-66-60