ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

БІЛІКТІ МАМАН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:43, 18 қазан 2019

«Қазіргі кезеңдегі ішкі істер органдарының ұйымдастырылуы және қызметі: мәселелері және шешуші жолдары». Осындай атаумен Қостанайда ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми шараға Ресейдің жоғары оқу орындарының өкілдері жиналды. Олар заманауи әдістемелерді зерделеп, өзара тәжірибе алмасты.

Бұндай жиынды Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы жылда ұйымдастырады. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда құқық қорғау саласына енгізілген реформалар талқыланды. Білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтарды ұтымды пайдалану- құқық қорғау саласында жұмыс нәтижелілігін арттырмақ.

Ресейден арнайы келген заңгерлер де өндірістік тәжірибе – білім берудің маңызды бөлігі екенін айтады. Себебі, осы екеуі ұштасса ғана ұтады. Ізденіс күшейеді, жұмысқа деген құштарлық артады. Жалпы, жергілікті мамандар шетелдік әріптестер арасында ғылыми зерттеу саласында өзара ынтымақтастық орнаған.

Мүлдем төзбеушілік қағидатын іске асыру шеңберінде құқық бұзушылықтың алдын алу және Жедел іздестіру қызметінің және оны ғылыми қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Ғылым конференция шеңберінде оқулықтар әзірленіп, ғылыми мақалалар жарияланады.

Конференцияға қатысушылар кейін 4 секция бойынша жұмыс істеді. Әркім өз ойын айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық сұхбат алаңында пікір таластырып, тәжірибе алмасқан тыңдаушылар халықаралық конференцияда біраз пайдалы мағлұматқа қанықты. Аталмыш шара білім жолын қуған жастардың ғылыми ой-өрісін дамытуға септігін тигізері сөзсіз дейді ұйымдастырушылар.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:46, 4 қараша 2019
ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...