ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ – ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

20:53, 14 қазан 2019

Студенттерді жатақханамен қамту – оқу орындарындағы өткір мәселелердің бірі. Білім ордалары бұл түйткілді қалай шешпек? Қостанай облысының қоғамдық кеңесі өткізген басқосуда осы мәселе талқыға салынды. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

«Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту». Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген бес әлеуметтік бастаманың бірі. Осы бастама шеңберінде қолға алынған жұмыстар мен мәселені шешуде туындаған сұрақтар қоғамдық тыңдаудың басты тақырыбы болды.

Сұлтанғазин университеті бұл бағыттағы жұмысты биыл бастап кетті. Құны 700 млн теңгеден асатын, 336 орынға есептелген төрт жатахқана тұрғызып жатыр. Құрылыс келер жылы салынып бітеді деп жоспарланған. Қазіргі таңда студенттерінің 25 пайызы ғана жатақханамен қамтылғанын ескерсек, аталған университет үшін бұл жобаның қаншалықты маңызды екені түсінікті.

Ахмет Байтұрсұнов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде жағдай сәл басқаша. Мұнда өзге өңірлерден, алыс ауылдардан келген мың жарымдай студент оқиды. Олардың тек мыңнан астамы ғана жатақханада тұрып жатыр. Қалғаны туыс-туған жағалап, пәтер жалдап жүр. Оқу орны басшылығы мәселені шешпек ниетпен 500 орындық студенттер үйінің жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізді. Құрылысқа 2 млрд 400 млн теңге қажет. Университет қомақты қаражатты мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы тартқысы келген.

Оқу орны басшылығы басқа да амалдарды қарастырып жатқанын айтады. Мысалы, жекенің қолындағы типтік ғимараттарды сатып алуға қарсы емес. Есесіне – арзанға түседі. Иелігіндегі жатақханаларын сатуға ынталы кәсіпкерлер де бар көрінеді. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселені алдағы уақытта да назарда ұстайтынын жеткізді.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:19, 1 маусым 2020
БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...