ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН Толығырақ

БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА: 334 ОРЫНДЫҚ ЖАТАҚХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

20:49, 17 қыркүйек 2019

Қостанайда 334 орындық жатақхана пайдалануға беріледі. Елбасы бастамалары қостанайлық студенттерді баспанаға мұқтаждықтан арылтпақ. Ағымдағы жылы Қостанай педагогикалық мемлекеттік университеті жанынан 4 жатақхананың құрылысы басталды. Нысандар 2022 жылға дейін аяқталып, жастардың игілігіне берілмек.

Әлемдік стандарттарға лайықталған құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бұл аумақта 4 корпусты жатақхана бой көтеруде Сәулетті ғимарат 2022 жылға дейін жастар игілігіне берілмек. Нысанды салуға 700 млн астам қаражат бөлінген. Санасын тұрмыс билеген жастан жасампаздық күту қиын. Сондықтан, астықты аймақ тек оқытумен ғана емес, жастардың өмір сүру жайын жақстаруға да жіті көңіл бөлуде.

Жастарды қолдау – мемлекеттік мүдде. Жатақхана салу жобасын жүзеге асыру барысында Білім және Ғылым министрлігі, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті және «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамымен үшжақты келісім жасалған.

Бүгінгі күні іргелі оқу орнында 3 мың студент білім алуда. Оның 500-і жатақханамен қамтамасыз етілген. 300-інің тұратын жері жоқ. Елбасының бес бастамасындағы жаңа жатақхана салу жөніндегі тапсырма бұл мәселені біржақты етуге сеп болмақ.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ҰБТ СЫНАҒЫН БАҚЫЛАУҒА МОНИТОРИНГ ТОПТАРЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ
20:33, 15 қаңтар 2020
ҰБТ СЫНАҒЫН БАҚЫЛАУҒА МОНИТОРИНГ ТОПТАРЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» - БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ
20:28, 10 қаңтар 2020
«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» - БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
20:16, 14 қаңтар 2020
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
Толығырақ...