ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 50 БАЛАБАҚША САЛЫНБАҚ

20:04, 16 наурыз 2020

Заман талабына сай салынған балабақшалар мен шағын орталықтардың қатары өңірде жыл санап арта түсуде. Бұл балабақша кезегін 100 пайыз жоюға мүмкіндік бермек. Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Орал Қаппасов тілшілермен болған баспасөз мәжілісінде осылай мәлімдеді. Ведомство басшысыынң айтуынша, 2020-2025 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бар. Осыған сәйкес 5 жыл ішінде өңірімізде 50 балабақша салу көзделіп отыр.

Бүгінде облыста  183  балабақша мен мектеп жанынан құрылған 408 шағын орталық жұмыс істейді. Балғындарды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мәселесі біздің облыста 99  процентке шешілген. Бұл – республикада ең жоғары көрсеткіш саналады.  Дегенмен, бұған тоқмейілсуге болмайды. 2025 жылға дейін  көрсеткішті 100 пайызға жеткізу межеленген.

Биыл 15 мектеп жөнделеді 

Елдің ертеңгі жастары - бүгінгі бүлдіршіндер. Болашақта саналы ұрпақ тәрбиелеп өсіру үшін, тағлымды тәрбие мен сапалы білімнің іргесін балабақшадан қалауымыз керек. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесі жолында істелінетін игілікті істер әлі алда екенін айтты жауапты мекекеме өкілі. Облысымызда  498  мектеп болса, соның 70 пайызға жуығы  шағын жинақты боп есептеледі. Олардың материалдық- техникалық базасы да тиісті деңгейде емес.  Кадр тапшылығы мәселесі де бар. 

47 мектеп күрделі жөндеуге мұқтаж.Және 3 мектеп апатты леп танылды. Биыл 15 білім беру мекемесі жаңа келбетке енбек. Оған 3 млрд теңге қаражат жұмсалмақ.  Білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамытуға  ден қойылатынын жеткізді мамандар. 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...