ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕНДІ

20:59, 24 қыркүйек 2019

Қостанай педагогикалық колледж студенттері ағылшын тілін үйрететін қосымша ойлап тапты. Аталмыш қосымша бірінші сыныптарға арналған. Бұл ашылу облыстық мультимедиялық жобалар фестивалінде «визуалды бағдарламалау» номинациясында үздік атанды.

Мобильді қосымшалардың маңыздылығы күн сайын артып келеді. Болашақ жас мұғалімдер де замаға сәйкес технологияларды қолдануды қош көреді. Осы орайда Қостанай педагогикалық колледж студенттері ағылшын тілін балаларға үйрету мақсатында жаңа мобильдік қосымша ойлап тапқан.

Мобильді оқыту өзінің ыңғайлылығының арқасында танымал болып жатқан жаңа өнім. Сонымен қатар адамдарға оқуда көмектесудің тиімді әдісіне айналған. Студенттердің бұл қосымшасында бөлімдер бойынша 150 сөз бар. Әр сөз визуалды түрде көрсетіліп, үш тілде жазылып, дыбысталады.

Бұл студенттердің бұған дейін «менің Қостанайым» қосымшасы шыққан болатын. Оны арнайы қаламыздың 140 жылдығы қарсаңында ойлап тапты. Аталмыш жоба қала анықтамалығы іспетті. Сондай-ақ ішінде шаһарымыздың тарихы, ескерткіштері, спортшылары туралы ақпарат жиыстырылған.

Ақыл Асқарова

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:46, 4 қараша 2019
ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...