ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

№28 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ АШЫЛДЫ

20:36, 4 қараша 2019

Облыс орталығында мемлекеттік тілде білім беретін жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті. №28 мектеп-гимназиясының ел игілігіне берілуі Қостанай қаласының 140 жылдығымен, Абай Құнанбаевтың 175, Бейімбет Майлиннің 125 жылдық және қазақтың әйгілі философы Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Шаһар шеңберіндегі айтулы қуанышқа біздің телеарнаның түсіру тобы да ортақтасып қайтқан еді.

Жаңа мектептің ашылуы жалпы қала жұртшылығы үшін үлкен қуанышты оқиға болды. Қазақ мектептерінің санын арттыруды Мемлекет басшысының өзі Жолдауда қадап тапсырған болатын. Өйткені, ана тілінде білім беретін мекемелер мемлекеттік тілдің рөлін күшейте түсу тұрғысында үлкен маңызға ие дегенді айтты салтанатты рәсімде құттықтау сөзін сөйлеген қала әкімі.

Оқу ордасының ашылуы мұқым жұрт үшін айтулы оқиға болды. Қазақ мектебінің қолданысқа берілуі мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымын ғана емес, ардагер ұстаздар мен зиялы қауым өкілдерін, тіл жанашырларын шын қуантты.

Салтанатты рәсімнен соң, жиналған қауым мектеп ішін аралап, су жаңа құрылғы-жабдықтармен қамтамасыз етілген сыныптарға бас сұқты. Күрделі жөндеуден өткен білім ордасының іші кірсе, шыққысыз. Безендірілуі де заман талабына сай.

Қазіргі таңда бұл мектепте 477 оқушыға 37 мұғалім сапалы білім беріп, саналы ұрпақ қалыптастыру тұрғысында еңбек етеді. Оқу ордасына келушілердің басым бөлігі - 5 «А» бастауыш мектеп шәкірттері мен Бауыржан Момышұлы атындағы 5- орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары. Сондай-ақ, жаңа оқу ордасында 39 бүлдіршін мектепалды даярлық тобында тәлім алады.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУА ДЕН ҚОЙЫЛМАҚ
20:12, 29 мамыр 2020
МЕКТЕП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУА ДЕН ҚОЙЫЛМАҚ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...