ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛУ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕЙДІ

20:33, 12 қаңтар 2021

Қостанайда жылу тарифі ақпан айынан бастап төмендейді. Сонда жылумен жабдықтау қызметінің бағасы қазіргіден 8 пайызға арзан болмақ. Бұл жайында облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары мәлімет берді.

«ҚЖЭК» өткен жылдың тамыз айында бес жылдық тарифтің аяқталуына қатысты өтінім берген болатын. Онда компания жылумен жабдықтау қызметінің бағасын 6,4%- ке арттыруды сұраған. Сонда жоба бойынша орташа өткізу тарифі қосымша құн салығынсыз 7 мың 578 теңге болады.

Осы орайда табиғи монополияларды реттеу департаменті кәсіпорын өтінімін қарау барысында 2021-ші жылға арналған орташа өткізу тарифінің келесі шекті деңгейін бекітті. Ол қосымша құн салғынсыз  6 970 теңге. Ал өткен жылғы қолданыстағы тариф 7 120 теңге болатын.  

Табиғи монополияларды реттеу департаменті өкілдерінің айтуынша, жылу тарифі 2014-ші жылдың деңгейіне қайта түсті. Ол кезде тұрғындар 3 696 теңге төлейтін еді. Енді қостанайлықтар 1- ақпаннан бастап жылу құнын жаңа тариф бойынша төлейтін болады.

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:29, 18 қаңтар 2021
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:36, 14 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...