ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОСТАНАЙДА 29 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ Толығырақ

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОСТАНАЙДА 29 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ

20:32, 2 қараша 2018

Қостанай облысында тұрғын үй құрылысы былтырғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға артты. Бұл туралы аймақ әкімдігінде өткен жиында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы - Нұрлан Қатарбеков толығырақ мәлімдеді. Ағымдағы жылдың аяғына дейін қанша тұрғын баспаналы болады? Оны тілші баяндасын.

Елбасы өзінің биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өңір басшыларына қолжетімді жалға берілетін баспаналардың құрылысын жүргізіп, ең алдымен, дәрігерлер мен мұғалімдердің, әлеуметтік және өзге саланың білікті мамандарына жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша берілетін үйдің алғашқы жарнасын субсидиялау жөніндегі мәселені шегіне жеткізуді жүктеді. Осы орайда облыста оң шаралар орындалуда дейді жауапты мамандар.

Осыған орай облыс орталығында осы жылдың соңына дейін 29 көпқабатты тұрғын үй тапсырылмақ. Баспаналарлдың дені «Әуежай» мен «Юбелейный» шағын аудандарында тұрғызылуда. Президент тапсырмасына сай, облыстық әкімдік дәрігерлерді қолдап, үй алу үшін субсидия беруге шешім қабылдады. «7-20-25» бағдарламасы аясында бюджеттік сала қызметкерлерінің ішінен тек дәрігерлерге ғана алғашқы жарна субсидияланатын болады.

Ал, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы -  Нұрлан Қатарбеков айтқандай, «7-20-25» бағдарламасы аясында осы күні тұрғындардан 56 өтінім келіп түскен. Бұл 470 млн. теңге шамасында. Жоғарыда жыл соңына дейін 29 үй тапсырылады дедік. Баспана кілтін табыстау рәсімі алда келе жатқан айтулы мейрамдар -  Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылып отыр.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ШАҒЫН ШАҺАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЗОР
18:05, 19 қараша 2018
ШАҒЫН ШАҺАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЗОР
Толығырақ...
САРЫКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
13:00, 19 қараша 2018
САРЫКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
ТАРАНДЫҚТАР ЕГІС НАУҚАНЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
20:33, 14 қараша 2018
ТАРАНДЫҚТАР ЕГІС НАУҚАНЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар