ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ КӨРСЕТКІШІ КЕМІП КЕЛЕДІ

20:18, 26 мамыр 2020

Әлеуметтің әлеуетін арттыруға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы ел экономикасын еселеуге елеулі үлес қосып келеді. Осы орайда жергілікті жұмыспен қамту орталықтарына жүгінетіндердің қатары күн өткен сайын көбеюде. Әрекет түбі – берекет боларын білетіндер мемлекет ұсынған мүмкіндікті мүлт жібермей, қолдарынан келер іспен айналысып жүр. Тұрақты түрде табыс табу тәсілін Қостанай ауданының тұрғындары да меңгеріп алған.

Мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты – қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Бұл ретте, бүгінгі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға жол ашылады. Оқыту тегін әрі шәкіртақы да төленеді. Үш айлық курсты аяқтағаннан соң, тыңдаушыларға алған  білімін растайтын сертификат беріледі. Қысқа мерзімді даярлаудан өтіп, бүгінде аспаз боп еңбек етіп жүрген Валентина Перова «Еңбек» бағдарламасына дән риза екендігін айтады.    

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандық жұмыспен қамту орталығы 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Біріншісі, 3 айлық қысқа мерзімді оқу. Екінші бағыт, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, яғни, жеке кәсіп ашқысы келетіндерге шағын несие беру. Соңғысы, тұрақты және уақытша жұмыс орындары. Оларға: 6 айлық жастар тәжірибесі, әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындары мен бағдарламаға қатысушылардың ерікті түрде қоныс аударулары тәрізді тармақтар кіреді.

2021-ші жылға дейін жалғасатын жоба қазірдің өзінде-ақ көлемді көрсеткішке ие. Оған облыста атқарылып жатқан шаралар мен жұмыс тапқан елді мекен азаматтары дәлел. Қостанай ауданының тұрғындары да өздерінің тұрақты түрде еңбекпен қамтылуларын тап    осы мемлекеттік бағдарламамен тығыз байланыстырады.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...