ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА

20:29, 28 қазан 2020

Облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының игілігін көрген жастар қатары арта түскен. Колледж бен университет бітірген түлектер жастар практикасынан өтуде. Меңгерген мамандығы бойынша тәжірибе жинауға биыл 140-қа таяу жас түрлі мекемеге жұмысқа жіберілген. Ал, «Бизнес бастау» жобасы аясында 360-қа жуық адам жеке кәсібін ашты. Олар мемлекеттік бағдарлама бойынша бизнесті дамытудың қыр-сырын үйреніп, грант жеңіп алғандар.

Жастар практикасы «Еңбек» бағдарламасы арқылы іске асырылатын маңызды салалардың бірі. Биыл облыс орталығында 139 жас осы тәжірибеден өтіп, тұрақты жұмысқа орналасты. Солардың бірі - Юлия Скацкая. Ол қазір қалалық әкімдіктің құрылыс бөлімінде тәжірибеден өтуде. Келер жылдың қаңтар айынан ресми түрде жұмысқа орналасатын болады.
 

Ал карантинге байланысты жұмыссыз қалған Евгения Фурсенко қазір жас кәсіпкерлер қатарында. Ол «Бастау бизнестың» курсын тәмамдап, жеке кәсібін ашқан.Евгенияның алған қойған мақсаты ауқымды. Кәсібін кеңейтіп, жарнама агенттігін құруды жоспарлап отыр.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 7300-ге жуық Қостанай қаласының тұрғынын еңбекке тарту жоспары тұр. Бүгінгі таңда 5799 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының тиімділігі биылғы күрделі кезеңде ерекше байқалды.  Пандемия кезінде тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде, жұмыссыз қалған азаматтар екі қолға бір күрек тапты. Бағдарламаның оң динамикасын байқаған ел үкіметі «2021-ші жылы да жұмыспен қамтудың жол картасы өз жұмысын жалғастырады», деді.
 

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
20:10, 26 қараша 2020
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
Толығырақ...
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:09, 26 қараша 2020
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...