ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ

20:34, 14 қазан 2020

Ағымдағы жылы Қостанай ауданында Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 28 жоба іске асырылды. Оның жалпы сомасы 4,3 млрд теңгені құрайды. Олардың ішінде 19 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен елді мекендерді абаттандыру бойынша жүзеге асты. 6 жоба – білім беру, 2 жоба – мәдениет саласында іске асырылса, 1 жоба спорт және дене шынықтыру саласында жүзеге асырылған.

Өтеген Бекбосынов бұл стадионды 40 жылдан астам уақыт біледі. Студент кезінде мұнда өткен спорттық шаралардың куәгері әрі қатысушы болған. Алайда оның айтуынша, ол кезде стадион қараусыз еді, бірнеше отырғыштар ғана болған екен.

Күннің жылы кезін пайдаланып, күндіз түрлі үйірмеге қатысушылар таза ауада осында емін-еркін жаттығуларын жасайды. Жүгіруге арналған алаң, 120 адамға арналған көрермен орны да қамтылды. Ал ағымдағы жөндеу жұмыстары соңғы рет 2008 жылы болған Қадыр Каримов атындағы орта мектепте жөндеу жұмыстары жасалып, оқушылар дән риза. Өйткені, білім ошағы 1966 жылы бой көтерген екен.

Бұдан бөлек, ауданның мәдениет үйі де аталмыш бағдарлама аясында ағымдағы жөндеуден өтті. Мұнда 13 үйірме жұмыс істейді.

Мәдениет үйінің қызметкерлері осының нәтижесінде одан әрі дамуды көздейді. Жалпы, мұнда 120-ға жуық бала түрлі үйірмелерге қатысады. Одан өзге диско клубқа келушілердің саны 50-ден астам. Мәдениет үйінің көлемді екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Айта кетейік, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жұмысқа орналастырылғандардың  36%-ын жастар құрайды. Алдағы уақытта өзге нысандардың жұмыстары аяқталып, аудан бойынша көзделген жұмыс орнын қамтамасыз етудің жоспары орындалады деп күтілуде.

 

Гауһар Асанбек

Тақырып бойынша материалдар

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
20:29, 28 қазан 2020
«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
20:25, 28 қазан 2020
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
Толығырақ...
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:24, 28 қазан 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...