ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18:00, 5 наурыз 2020

Жұмыспен қамту жіті назарда. Өңірде «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша облысымыз жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Облыста жұмыссыздық деңгейі қысқарып, шағын несиелер берудің оң динамикасы байқалады. Жоспар тіпті артығымен орындалған. Ал биыл 20 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде 12 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындарына орналаспақ. Әлеуметтік сала бойынша жетекшілік ететін әкім орынбасарларына Марат Жүндібаев бағдарламаның негізгі бағыттарына басымдық беруді тапсырды.

Былтыр 31  мың қостанайлық бағдарлама қатысушысы болды.   22 мың  адам еңбекке араласты.  Бастау бизнес жобасы аясында 4000 азамат кәсіпкерлік негіздерін үйренді. Оқытылғандардың  800 – ден астамы  өздерінің  бизнес жобаларын қорғап, гранттар мен шағын несиелер алды. 769 адам мемлекеттік гранттардың иегерлері  атанса, ал жеңілдетілген микрокредиттер  934  іскер азаматқа  берілді.

Елдің еңбекпен қамтылуын мейілінше қаматасыз ету. Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған маңызды міндеттердің бірі. Жұмыссыз жандарды сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, микро және шағын бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру.  Жетекшілік ететін әкім орынбасарларына  Марат Жүндібаев бағдарламаның негізгі  бағыттарына басымдық беруді таспырды.  

Биыл 23 мың адам жұмыспен қамтылмақ.  Кәсіптік және қысқа мерзімді оқуға 1600  артық адам жіберілмек. Оның ішінде 720 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылады. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтудың  тиімділігін арттыру масқатында бағдарламаға  өзгерістер   енгізілді. Өз  ісін ашуды  көздеген аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға   қаржылай  қолдау көрсетудің  жаңа тәртібі іске асырылды.  Несие мерзімі 7 жыл, жылдық сыйақы мөлшерлемесі -  4 пайызға тең.

Бағдарламаны іске асыруға биыл 8 млрд теңге бөлінді.  Қолдау артты, демек нәтижесі көңіл қуантуы керек. Басқарма бұл жұмысты күнделікті бақылауға алып, бағдарламаны жүзеге асырудың тиімділігіне талдау жасау қажеттігін айтты облыс әкімінің орынбасары.  

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:02, 29 мамыр 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...