ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ ӨСКЕН

20:30, 11 маусым 2018

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша Арқалық қаласында 600 - ден астам адам еңбекпен қамтылған. Кәсіп ашып, несібесін молайтып отырған азаматтар қатары жылма жыл көбейіп келеді. Сала мамандарының айтуларынша биыл мал шаруашылығы бағытында 15 ада шағын несие алуға өтініш білдірді. Ал «Жастар тәжірбиесі» жобасы шенберінде биыл 15 жас маман еңбекке араласты.

Арқалық қаласында 101 адам әлеуметтік еңбек орындарына тартылды.   Жұмыс берушілер үшін еңбекпен қамту орталықтарымен мұндай ынтымақтастықтың тиімді тұстары көп.  Жалақының  35% мемлекет есебінен субсидияланады. Аягөз Әлмағамбетова мемлекеттік бағдарламаның көмегімен  бірден жұмыс тапты. Қазір нәпақасын айырып отыр. Жұмысым еш қиын емес,  кабинетім жайлы,  ұжыммен де тез тіл табысып кеттім- дейді бойжеткен.   

Тәжірибе бәрін шешеді.  Бүгінде  жұмысқа қабылдау кезінде мекеме, ұйым басшылары дәл осы қағиданы ескеретіні жасырын емес.  Тіпті қызыл диплом да жұмысқа тұрудың  кепілі емес.  Өйткені, теориядан бөлек, еңбек нарығында тәжірибе маңызды.  Осы орайда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жас мамандарға  өмірде өз орнын табуға мол мүмкіндік беріп отыр. «Жастар практикасына» жобасына деген қызығушылық жыл санап тек артып келеді.  Биыл  Арқалықта 15 адам тәжірибе жинақтауға жіберілді.

Халықты  жұмысқа орналастыру бағытындағы кешендік жоспарға сәйкес,  2018 жылы  1300 адамды еңбекен қамту  жоспарланған. Бүгінде арайлы өлкеде 600 - ден астам адам  бағдарлама қатысушысы атанып,  адам қос  қолға бір күрек тапты. Шағын кәсіп ашуға ынталы азаматтар көп.

Жергілікті жұмыспен қамту орталығы 3 бағыт бойынша   246 адамды қоғамдық жұмыс орындарына орналастырды.  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы-  басқа бір мамандықты ақысыз оқып алуға, ауылда өз кәсібінді ашуға  мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде  өңірде   жұмыссыздықты қысқартуға ықпал етуде. 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ЕТ ПЕН СҮТ ӨНДІРІСІ ЖЕТІЛДІРІЛЕ ТҮСПЕК
17:08, 10 тамыз 2018
ЕТ ПЕН СҮТ ӨНДІРІСІ ЖЕТІЛДІРІЛЕ ТҮСПЕК
Толығырақ...
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
16:57, 10 тамыз 2018
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
16:57, 10 тамыз 2018
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...