ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖҰМЫРТҚА ЭКСПОРТЫ ТҰРАЛАП ТҰР

20:07, 6 наурыз 2020

Жыл басынан бері елімізде тағамдық жұмыртқа экспорты тоқтап тұр. Мысалы Қостанай құс фабрикасы былтыр Ресейге 118 миллион дана жұмыртқа өткізген. Бұл жалпы өндірілген өнімнің 45 проценті. Ал биыл бірде-біреуі сыртқа сатылған жоқ. Іргедегі алып нарықтағы орындарынан отандық өнім өндірушілер неге айырылып қалды. Тілшіміз сабақтайды.

Соңғы үш-төрт жылда қазақстандық құс фабрикалары өз өнімдерімен Ресейдің ірі мегаполистерінде танылып үлгірді. Көрші елдің тұтынушыларын біздің өнімнің жоғары сапасы мен табиғи тазалығы қызықтырады.

Отандық азық-түлікке сұраныстың артқандығының бір дәлелі, соңғы 5 жылда жұмыртқа экспорты 16 есеге өсті. Әлі де өрістетуге болар еді. Алайда соңғы үш-төрт айда ресейлік өндірушілер сауда бәсекесінде ұтымды баға ұсынып отыр.

Әрине ресейлік ірі компаниялармен бәсекеге түсу оңай емес. Ондағы бір фабриканың өзі жылына миллярдтан астам жұмыртқа шығарады. Оның үстіне мемлекеттік қолдау да айрықша. Ресейдің кейбір аймағында құс фабрикаларына 50 процентке дейін инвестициялық субсидия бөлінеді.

Ал бізде керісінше субсидияны қысқартпақ ойлары бар. Егер әр жұмыртқаға қаралған 3 теңге көмек қаржыдан қағылатын болса, қазақстандық кәсіпорындардың жағдайы қиындай түспек.

Қостанайлық құс өсірушілер өндірісті тоқтатпау үшін жұмыртқа құнын қымбаттатуға мәжбүрміз-дейді . Соны пайдаланып ресейлік өндірушілер арзан бағамен біздің ішкі нарықты да жаулай бастауы мүмкін. Ал 2021 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес белгіленген субсидияны қысқартуға не түрткі болғандығын түсінбей далмыз-дейді олар.
 

Тақырып бойынша материалдар

2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА  381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
20:30, 2 маусым 2020
2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА 381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...