ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ

20:20, 26 мамыр 2020

Халықтың сұранысына және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар пойыздары биылғы 1 маусымнан жүре бастайды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, бастапқы кезде 54 пойыз қатынай бастайды:

- Нұр-Сұлтаннан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалык, Павлодар, Петропавл/Қызыл ту, Орал, Жезқазган, Қызылорда;

- Алматыдан – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазган, Орал, Петропавл, Қостанай;

 - Қостанайдан – Қарағанды; Арқалык;

 

Екінші кезең – 10 маусымнан бастап 39 пойызды жолға шығару жоспарланып отыр. Оның ішінде:

- Нұр-Сұлтаннан - Алматы, Атырау, Достық, Орал, Айсары, Шымкент;

- Алматыдан - Атырау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Түркістан, Петропавл;

Қазіргі кезде, 15 мамырдан бастап жолаушылар билеттері сатылып жатыр. Барлық инфраструктуралық нысандар санитарлық талаптарға сәйкес тасымалдар жасауға және құрамдар сапарға шығуға дайын. Жолаушылардың және пойыздардың бригада қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тасымалдар Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес атқарылады, - делінген хабарламада.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...