ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

20:30, 1 маусым 2020

Бірнеше нысандарда жөндеуді мойнына алған мердігерлер жұмысына бақылау күшейтіледі. Инфрақұрылымдық жобалар 1-ші қазанға дейін тапсырылуы керек. Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында жол жөндеу жұмыстарының барысы талқыға салынды. Сала мамандарының сөзінше, құрылыс 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Көлік  инфрақұрылымын дамыту жұмыстары осы жылы да  қарқын алады. Қолға алынған 281 жобаның жалпы соммасы 44 млрд теңге.  «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 37 жол учаскесі қалыпқа келтірілмек. Құрылыстың ең ауқымды бөлігі   «Жұмыспен  қамтудың жол картасы» арқылы  атқарылмақ.  Ал «Ауыл-Ел бесігі» жобасының көмегімен  98  жол учаскесі жөнделмек.

Барлық жобалар бойынша байқау шаралары тәмамдалып, мердігерлер анықталды. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру  барысы баян етілді. Құрылыс қарқыны әр өңірде әр  түрлі.  Бір аудандар  белгіленген жұмыстарға мерзімінде  кіріссе, енді басақа аймақтарда  жөндеу шараларын бастауға асық емес. 

Жауапты мекеме басшысы берген мәліметке сенсек, бүгінгі күні игерілген қаражат -  7 миллиард теңге. Жергілікті жерлерде жол жөндеу жұмыстарын жіті бақылауға алуды тапсырды облыс әкімі. 

Құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ деп сендірді сала қызметкерлері.  . Мердігерлер алдын ала қам жасап қойған. Құрылыс материалдарын шығарушы  жергілікті  кәсіпорындар алдымен ішкі нарықты қамтуға  баса мән беруі керек.  Өңір әкімі осыны қадап ескертті.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...