ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖІТІҚАРАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ

20:36, 12 тамыз 2019

Жітіқара каласының әлеуметтік – экономикалық дамуы тұрақты. Бұнда халықтың әл-ауқатын арттыруға бар жағдай жасалынуда. Шаһардың 80 жылдығына арналған салтанатты жиында өңір басшысының орынбасары Марат Жүндібаев осылай деді. Қала күні биыл да жоғары деңгейде тойланды. Түрлі – түсті киінген шерушілер, шетелдік және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен болған концерт. Көрермендерге мерекелік көңіл- күй сыйлау үшін қызықты бағдарламалар да көптеп ұйымдастырылды.

Жітіқара қаласының 80 жылдығын тойлауға арналған негізгі мерекелік іс шаралар әдеттегідей қала орталығында өтті. Қала күні балаларға арналған іс-шарадан бастау алды. Оған әр түрлі мекемелер қатысты.

Сондай-ақ,Жітіқара ипподромында қала күні мерекесіне орай ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлттық ат спорты ойындары өтті.Аламан сайысқа облысымыздың шабандоздары  өз бақтарын сынады.

Көптің делебесін қоздырған 24 шақырымдық аламан бәйгеге іріктелген 30-ға жуық  тұлпар жіберілді. Үзеңгі қағыстырып мәреге қатар жеткен Қостанай облысының тұлпарларының арасынан Жітіқара ауданының шабандозы бірінші орынға ие болды.Бағы жанып жүзден жүйрік атанған,бас жүлде иегеріне облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев пен Жітіқара ауданының әкімі Абай Ибраев темір тұлпардың кілтін табыс етті.

Биылғы жылғы  қала күні 34-ші рет өткен Тың Целина -2019 облыстық спартакиадасымен тұспа тұс келді. Жалпы айтар болсақ, Жітіқара- өндірісі өркендеп келе жатқан шағын қалалардың бірі.  Мемлекеттік бағдарламалар серпінді іске асуда. Сан салада қаланың көркеюі жолында сүбелі үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі елеусіз қалмақ емес. Бұл күні олар марапатталып, көптің алдында құрметке ие болды.    

Күн райы да қолайлы,  жітіқаралықтардың көңіл-күйлері де мерекелік.  Орталыққа жинылған халықтың қарасы көп.  Бәрінің тілегі ортақ. Елде бейбітшілік, ынтымақ-бірлік болсын деседі.

Бұдан соң, басты мерекелік бағдарламаға кезек жетті. Отандық  және шетелдік эстраданың жарық  жұлдыздары сахна төріне шықты. Олар жітіқаралықтарды қала күнімен құттықтауға арнайы келген.

Мерекенің соңы от шашу мен Жітіқара қаласындағы ең биік телемұнараның жағылу рәсімі өтті.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...
БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:19, 1 маусым 2020
БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...