ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Жітіқаралық дихандар жылды қорытындылады

20:37, 13 қараша 2017

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының ең басты саласының бірі. Оның отандық өнім өндіру ісіне ерекше үлес қосатыны түсінікті. Бар күш-жігерін осы салаға жұмсап, ырыздығын жерден көрген дихандар үшін орақ науқанының аяқталуы дүбірлі думанмен деңгейлес. Өйткені, шаруалар жаздай көрген қиыншылығының нәтижесін күзгі жиын-терім аяқталғанда сезінеді. Еткен еңбегінің бағасын біледі. Мехнаты мол міндеті үшін марапат алатын мереке Жітіқара жерінде де өтті. Дихандар думанына тілші куә болды.

Сан жылдар бойы сусап жатқан сайын даланы сары түске бояп, алқабына алтын дән сеуіп, атырабына малын өргізген ауылшаруашылық саласы қызметкерлерінің еңбегі орасан. Оларға марапаттың барлығы да жарасады. Сондықтан да, дихандар - дала батырлары деген атқа лайық. Ықылымнан ырыздығын жерден терген, малдан көрген осы сала өкілдері өздерінің мерекелерін жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіп келеді. Бұл үрдіс биыл да үзілмеді

Биыл ел қамбасына барлығы 21 млн. 700 мың тонна бидай түсті. Орақ науқанының қорытындысы бойынша, ең көп астық жинаған өңірлер көшін Солтүстік Қазақстан облысы бастап тұр. Қостанай облысы екінші орында. Биыл біздің аймақтан 5 млн. 200 мың тонна дән жиналды. Бұл Қазақстан қамбасына құйылған жалпы астық көлемінің 25 процентін құрайды.  Бұл ретте, бел жазбай бейнет көрген жітіқаралық дихандардың да қосқан үлестері қомақты.

Ауылшаруашылық саласы қызметкерлерінің төл мерекесіне тек түзде трактор айдап, тыным таппаған шаруалар ғана емес, кезінде жер жыртып, дән сепкен ардагерлер де келді. Тың игеру тұсында тер төккен тұлғаларға да ерен еңбектері үшін үлкен құрмет көрсетілді

Тақырып бойынша материалдар

Ауыл еңбеккерлері жылды қорытындылады
20:37, 17 қараша 2017
Ауыл еңбеккерлері жылды қорытындылады
Толығырақ...
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы пысықталды
20:30, 17 қараша 2017
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қонысбек Бегайдаровтың шығармашылық кеші
13:09, 16 қараша 2017
Қонысбек Бегайдаровтың шығармашылық кеші
Толығырақ...
«Мәриям оқулары» қалалық байқауы өтті
13:00, 15 қараша 2017
«Мәриям оқулары» қалалық байқауы өтті
Толығырақ...