ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

13:07, 14 қараша 2017

Бүгінгі таңда құқық қорғау мекемелері азаматтардың арыз – шағымдарын уақытылы әрі тиімді шешуге баса көңіл бөлуде. Осы орайда, еліміздің бас прокуратурасы «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасын іске асырды. Бұл бастама аясында азаматтардың арыздарын қарау арқылы жемқорлық әрекеттерін жоюға күш салынбақ. «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау болып, азаматтар сала қызметкерлерінен кеңес алды.

Әсел Саматова болашақта өзінің шағын кәсібін ашпақ ойда. Бірақ, болашақ іскер жан бір мәселеге алаңдаулы. Бизнесінде заңсыз тексерулер орын алған  кезде қандай қарекет жасау керек. Нақтырақ айтқанда,  қандай органның көмегіне жүгінген жөн. Прокурорлар қажетті кеңестерін берді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту. Прокуратура қызметінің негізгі міндеті. Құзырлы мекеме соңғы жылдары бұл бағытта қыруар іс тындырды. Өз қызметін асыра пайдаланып, қазына қаржысын жымқырған лауазымды азаматтар заң алдында жауап берді. Мемлекетке келтірілген миллиондаған шығындар өтелді. Әлеуметтік індеттің алдын алуда еліміздің бас прокуратурасы  тағы бір бастаманы қолға алды.

Кезінде жемқорлыққа жағдай туғызған мына азаматша қазір жұмысқа орналасуда көп қиындық көруде. Заң бойынша оған   мемлекеттік  мекемелерде  қызмет етуге тыйым салынған.

Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың мәселесі прокура қызметкерлерінің басты назарында. Әр арыз - шағым бойынша  кешенді жұмыстар жүргізілетінін  жеткізді сала мамандары.

Тақырып бойынша материалдар

Ауыл еңбеккерлері жылды қорытындылады
20:37, 17 қараша 2017
Ауыл еңбеккерлері жылды қорытындылады
Толығырақ...
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы пысықталды
20:30, 17 қараша 2017
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қонысбек Бегайдаровтың шығармашылық кеші
13:09, 16 қараша 2017
Қонысбек Бегайдаровтың шығармашылық кеші
Толығырақ...
«Мәриям оқулары» қалалық байқауы өтті
13:00, 15 қараша 2017
«Мәриям оқулары» қалалық байқауы өтті
Толығырақ...