ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

ЖЕМІС ПЕН КӨКӨНІС БАҒАСЫ ҚАНДАЙ?

20:42, 9 тамыз 2018

Қостанайда оңтүстіктен жеткізілетін көкөніс, жеміс-жидек бағасының арзандағаны байқалады. Сатушылар соңғы бірер аптаның ішінде бұл тауарлардың орта есеппен 20-30 пайызға арзандағанын айтады. Кәсіпкерлердің бірі мұны тасымалдаудағы кедергілердің азаюымен түсіндірсе, енді бірі жергілікті өнімдердің сауда орындарына шыға бастағанымен байланыстырып отыр.

Оңтүстік өңірдің тауарларына сұраныс бүгінде аса зор емес. Бағалары біраз арзандаса да халық жергілікті өнімдерге таңдау жасауда, дейді оншақты жылдан бері саудамен айналысып келе жатқан Айжан Күшекбаева. Айтуынша, қазір жұрт жиі тұтынатын қызанақ пен қиярдың да бағасы арзандаған.

Қазір Шымкентте піскен шабдалының келісі 400 теңге. Осыған дейін бұл жемістің бір келісі 600-700 теңгеге дейін шарықтап кетіп еді дейді саудагерлер. Алма мен мейіз, жүзімінің де бағасы 100-150 теңгеге арзан.  Тұтынушылар да биыл оңтүстіктен жеткізілетін көкөністер мен жеміс-жидектің бағасы әлдеқайда төмен екенін айтады.

Басқа өңірлерден жеткізілетін өнімдердің арзандауына жергілікті жеміс-жидек пен көкөніс түрлерінің пісіп, сатылымға шығуы себеп. Орталық базардың көшесінде орналасқан жолдар бүгінде жергілікті бағбандардың игілігіне беріліп отыр. Мұнда олар орындары үшін мардымсыз сомманы төлеп, өздері баптап өсірген жеміс-жидек пен көкөністерін өздері қалаған бағаға сатуда. Өйткені, олардың өнімі 100 пайыз табиғи және жаңа піскен түрінде сатылымға шығарылуда.

Сондай-ақ, қазір қарбыз бен қауын саудасының қызып тұрған кезі. Бұл өнім түрлерін сүйсініп жейтін тұрғындар әзірге оңтүстіктен жеткізілген өнімді пайдалануда. Бүгінде сауда нүктелерінде бұл жеміс түрлерінің келісі 60-70 теңге көлемінде. Алайда, жақын күндері сауда сөрелеріне жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері шығады. Ал, оның бағасы біршама қымбат болады дейді саудагерлер.

Қостанайлық тұрғындар бүгінде қалаған жеміс пен көкөніс түрін, өзіне тиімді бағаға сатып ала алады. Өйткені, мұндай өзге өңірлерден жеткізілген тауарлардан бөлек, жергілікті өнім түрлерінің сан-алуан түрі ұсынылған. Ерекшелігі тек бағасында.

Тақырып бойынша материалдар

САНДЫҚ ЖҮЙЕ АУЫЛДЫҚТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
20:36, 18 қазан 2018
САНДЫҚ ЖҮЙЕ АУЫЛДЫҚТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
Толығырақ...
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
18:12, 17 қазан 2018
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:30, 15 қазан 2018
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...