ШҰҒЫЛ! Жаңа тағайындау! Әулиекөлдің жаңа әкімі таныстырылды Толығырақ

Жекешелендіруден 286 млн. теңге қаржы түсті

20:32, 12 наурыз 2018

Облыс бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы 86 пайызға тең. Бұл республика көлеміндегі тоғызыншы көрсеткіш. Жоспарды іске асырудың нәтижесінде жергілікті қазынаға 286 млн теңге кіріс түскен. Бұл туралы Қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова мәлімдеді.

2016 жылдан бастап елімізде жекешелендірудің кешенді жоспары әзірленгені мәлім. Бұндағы мақсат бюджет есебінен күн көретін мекемелерді жаппай сатылымға шығару болып табылады. Осыған сәйкес біздің облыс бойынша 22 нысан бәсекелестік ортаға берілуі тиіс. Бүгінде оның 9-ы сатылған. 11-і таратылу кезеңін өткеріп жатыр. Қалған біреуі жекешелендіруге жататын нысандар тізбесінен алынып тасталса, біреуі сауда-саттықа қайта қойылды. Кешенді жоспарды орындау бойынша Қостанай облысы республикада тоғызыншы орынға ие.      

Сатылған ұйымдардың айтарлықтай бөлігі тендер және аукцион өткізу жолымен іске асырылған. Алма Жүсіпованың айтуынша, нысандар көбінесе екінші немесе үшінші сауда-саттықта ғана сатылады екен. 

Лисаков қаласының «Жастар бастамалары орталығы» және «Жатақхана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты тарату шешімі қабылданғанымен, бұл жұмыс әлі аяқсыз қалып отыр. Алғашқысы дебиторлық берешек сомасын өндіріп алу жөнінен соттың талқылауын күтсе, ал «Жатақхана» ұйымы бойынша осы күнге дейін жатақхана тұрғындарына баспананы жалға беруге және қарыздарды жабуға дайын инвесторларды іздеу мәселесі шешіліп жатыр.

Биыл сауда-саттыққа «Тазалық-2012» серіктестігі, «Тазарту-Аркалық» ұйымы және «Тобыл» футбол клубы» шығарылады. Барлық үш нысан бойынша қазір бағалау жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оларды сату қыркүйек айына дейін аяқталады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОТ ИДЕИ К ВОПЛОЩЕНИЮ. ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМУ» ПОКАЗАЛ УСПЕШНЫЕ БИЗНЕС-ПРОЕКТЫ
18:20, 7 желтоқсан 2018
ОТ ИДЕИ К ВОПЛОЩЕНИЮ. ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМ...
Толығырақ...
100 нақты қадам: «Қостанай» - адалдық алаңы! Индустриялық аймақ қарқынды дамуда
10:26, 5 желтоқсан 2018
100 нақты қадам: «Қостанай» - адалдық алаңы! Индустриялық ай...
Толығырақ...
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
10:30, 5 желтоқсан 2018
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
Толығырақ...