ШҰҒЫЛ! Денсаулық сақтау саласы даму үстінде Толығырақ

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ НАУҚАНЫ АЯСЫНДА 33 НЫСАН САТЫЛДЫ

18:06, 10 қаңтар 2019

Жекешелендіру шарасы аясында сырттан қаржы тартылып, экономика өркендейді. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бекітілген тапсырмасына сәйкес, елімізде жекешелендіру шарасы жүзеге асырылғаны белгілі. Шағын және орта кәсіпкерліктің тірлігін оңтайландыруға бағытталған науқан Қостанай өңірінде белгіленген мерзімнен ерте аяқталды. Қанша нысан сатылды? Жекенің қолына өткен кәсіпорындардығң бүгінгі жағдайы қалай? Тілшіміздің репортажынан білейік.

Жекешелендіру науқаны елімізде 2014 жылы іске асырылды. Мемлекеттің меншігінен шығарылған бизнесті сатып алуға кәсіпкерлердің қызығушылығы зор екені байқалады. 2020 жылға белгіленген кешенді жоспарды Қостанай өңірі мерзімнен ерте орындады. Біздің  облыста 1 млрд теңгеге  33 нысан сатылды.

Және де «Тобыл» баскетбол және футбол клубы мен бірқатар колммуналдық  кәсіпорындар жекенің қолына өтті. Бүгінде сатылған әр нысанға Қаржы басқармасы сарапатама жүргізеді. Оның нәтижесі көңілге қонымды екенін айтады мамандар. Нарықта әділ бәсекелестік орта қалыптасты. Мемлекет шығыны азаййып, бизнес  дамуда.     

Жекешелендіру аясында ел экономикасына мемлекеттің араласу үлесі азайып, кәсіпкерлер өз тіршілігін жүргізуге мүмкіндік алуда. Яғни кәсібіне кәсіп қосып, жаңа серпін алуда. Ал мемлекет мыңдаған кәсіпорынды жекешелендіру арқылы бюджет шығындарын үнемдеуге қол жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ
20:30, 7 маусым 2019
МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖЕР» НӘТИЖЕСІ: ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
20:32, 30 мамыр 2019
«НҰРЛЫ ЖЕР» НӘТИЖЕСІ: ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
БАНКРОТТЫҚ РӘСІМДЕР ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛАДЫ
20:44, 29 мамыр 2019
БАНКРОТТЫҚ РӘСІМДЕР ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...