ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖЕКЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ БЕРЕШЕГІ – 315 МЛН ТЕҢГЕ

20:45, 1 қазан 2019

Салық қарызы шарықтап кеткен жеке тұлғалар жыл соңына дейін рақымшылықтың шарапатын көре алады. Мәселен, негізгі қарыз өтелсе, өсімпұл тұтастай кешіріледі. Бүгінде 28 мың салық төлеушінің 25 миллион теңге көлеміндегі борышы есептен шығарылған.Бірақ, өңірдегі салық борышкерлерінің саны азаяр емес. Жеке тұлғалардың 90 проценті көлік үшін салықтарын өтемеген.

Мемлекеттік кірістер департаменті мен жеке сот орындаушылар бірлесе қимылдауда. Меже – жеке тұлғалардың арасындағы салық қарызын мейлінше қысқарту. Мамандардың дерегінше, көлік, жер мен мүлік салығына салғырт қарап, белшеден қарызға батқандардың қатары көп. Ортақ қарыз – 315 млн теңгеден асып жығылады. Соның 125 млн теңгесін өндіру жеке сот орындаушыларға тапсырылған. Борышкерлердің 90 проценті - көлік салығын төлемегендер.

Шетел асқан борышкерлерге рақымшылық жасау да мүмкін емес. Ол үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек. Сот орындаушылар салық қарызын уақтылы өтемегендердің мүлкін тәркілеп, есепшоттарын бұғаттайды және шекара асуға рұқсат бермейді. Тоғыз айдың ішінде жеке сот орындаушылар 77 млн теңгедей қарыз өндірген. Ал негізгі меже – 278 млн теңге болатын.

Белгілі болғандай, салық қарызы шарықтап кеткен жеке тұлғалар жыл соңына дейін рақымшылықтың шарапатын көре алады. Мәселен, негізгі қарыз өтелсе, өсімпұл тұтастай кешіріледі. Бүгінде 28 мың салық төлеушінің 25 миллион теңге көлеміндегі борышы есептен шығарылған.

Нұрқанат Нүсіпхан

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...