ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

ЖАҢА НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

20:10, 12 қазан 2020

Еліміздің түкпір-түкпірінде әлеуметтік маңызы бар нысандар көптеп салынуда. Тек мемлекеттік бюджет тарапынан ғана емес, жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларымен де бой көтеруде. Тұрғылықты халық салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Қарабалықта жаттығу залы ашылды. Нысанды ашу туралы бастаманы көтерген әрі оны жүзеге асырған – жергілікті кәсіпкер.

400 шаршы метр аумақты алып жатқан жаттығу залы заманауи үлгіде әрі сұранысқа сай толық жабдықталған. Мұнда 25 түрлі жаттығу құралдарымен бірге, Бубновский орталығының әдісі бойынша емдейтін бөлме қарастырылған. Сондай-ақ, нәзік жандылардың сұранысына орай, сұлулық процедураларын жасауға мүмкіндік мол.
 

Геннадий Владимирович, бұл – кәсіптік нысан еместігін айтады. Өзім үшін және халықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін салдым дейді.

Мұнда 16 жастан бастап, аудан орталығының тұрғындары келіп шұғылдана алады. Өз еркімен шұғылданушылар үшін абонемент – 6000 теңге болса, жаттықтырушымен жаттығам деушілер үшін оның құны – 15 мың теңгені құрайды.

Қаладан Бубновский орталығының маманы арнайы шақыртылған. Ол  мұндағы қызметкерлерді жаңа әдістерге үйрететін болады. Жаттығу кешенінде жаттықтырушыларды қоса алғанда 11 адам қызмет етеді. Олардың барлығы – өз істерінің маманы.
 

Әлеуметтік маңызы бар нысанның бірін қолданысқа берген кәсіпкер Геннадий Владимирович, бұдан бөлек ыңғайлы әрі қауіпсіз қағидатымен салынған жаңа үйді де пайдалануға берді. 4 бірдей отбасыға қарастырылған баспанада суық су, ыстық су, жылу, оған қоса, ас үй де толық жабдықталған.

Ауласына бақша салып, көшет отырғызу үшін арнайы құнарландырылған топырақ әкелінген. Мұның барлығы Қарабалық ауданының көркеюі үшін әрі ауыл халқының жақсы өмір сүруі үшін жасалған.

 

Гауһар Асанбек

Тақырып бойынша материалдар

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
20:29, 28 қазан 2020
«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
20:25, 28 қазан 2020
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
Толығырақ...
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:24, 28 қазан 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...