ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«ВАЛДАЙ» ПІКІРСАЙЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

20:30, 4 қазан 2019

Кеше Ресейдің Сочи қаласында «Валдай» халықаралық пікірталас клубының он алтыншы отырысы қорытындыланды. Аталған жиынға қатысу үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы шақыртылған болатын. «Валдай» клубының жұмысына Қазақстан Президенті тұңғыш рет қатысып отыр. Биылғы қаузалған тақырып «Шығыс таңы және әлемдік саяси құрылым» деп аталады. Қазақ Президенті пленарлық сессияда баяндама жасап, аймақтық дамудағы оң өзгерістер мен сын-қатерлері жайлы айтып өтті.

Жаһан халқының 60 пайызы Азияда қоныстанған. Әлемдегі ең ірі 30 қаланың 21 осында. Өткен жылы ең табысты деп танылған 500 ірі  компанияның 210-ы азиялық екен. Ғаламдық геосаясаттағы шығыстың рөлін осыдан-ақ бағамдай беріңіз енді.

Президент баяндамасында аймақ дамуындағы оң өзгерістермен бірге сын-қатерлерге де тоқталды.

Мемлекет басшысы қақтығыстардың алдын алу үшін халықаралық ұйымдармен жүйелі жұмыс жүргізу қажет деп санайды. Астана процесінің аясында Таяу Шығыс, Сирия мәселелері бойынша өміршең шешімдерді қарастыруға әзір екенін мәлімдеді. Ауғанстандағы ахуалды да бақылауда ұстайды, қолұшын беруді жалғастырады. Қысқасы, Қазақстан әрқашан қарусыздану мен сындарлы дипломатияны жақтайды.

Қауіпсіздіктің сан түрлі қатерін кешенді түрде шешу керек. Әйтпесе, «Азияның даму ғасырына» емес бүкіл ғаламға кесірі тиетін «Азияның күңгірт күндеріне» тап болуымыз мүмкін деді Президент.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:02, 29 мамыр 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...