ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БОЛАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ Толығырақ

ҮШЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

20:32, 13 қыркүйек 2018

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті бірінші кезекте азық-түлік тауарларын бақылауда ұстау жөнінде үндеу жариялады. Осыған орай, Ұлттық экономика министрлігі, облыс әкімдігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында үшжақты келісімге қол қойылды. Басты мақсат - бағаны бақылауда ұстау. Сол себепті, 3 тарап та кәсіпкерлік субъектілеріндегі тауар бағаларының өсуіне жол бермеу туралы үндеуді бір ауыздан қолдады.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен  еліміздің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы халық үшін  сауда мен қызметтер салаларының кәсіпорындарын, сондай-ақ  отандық  тауарөндірушілерді  тұтынушылар тарапынан дүрлігуге және наразылыққа итермелемей  қалыпты жұмыс режимін  сақтауға  шақырады.  

Монополияға қарсы орган өкілдері әкімдіктер жанынан құрылған бағаларды бақылау бойынша жедел штабтар құрамына кіреді. Онда монополияға қарсы ден қою құралдарының елеулі жинағын ескере отырып, қалыптасқан жағдайда олар белсенді рөл атқаратын болады. Тергеулерден басқа, монополияға қарсы орган негізгі әлеуметтік маңызы бар тауар бағаларына күн сайын мониторинг жүргізуде. Ал, ауылшаруашылық басқармасының мамандары тұрғындарға тұрақтандыру қорындағы жағдайдың тұрақты екендігін айтады.

Бағаны өсірмеу бойынша жасалған үш жақты келісімге қол қойған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының күшімен сол штабтарға өздерінің мамандарын қосады. Олар да бизнес-қоғамдастықтарда, сауда желілері мен базарларда бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу жұмыстарын ұйымдастырады.   

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ БҰЗҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ
18:00, 18 сәуір 2019
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ БҰЗҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ ҰЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
16:12, 15 сәуір 2019
Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
Толығырақ...