ШҰҒЫЛ! УАҚЫТТЫ БІР САҒАТ КЕЙІН ШЕГЕРУ ТИІМДІ МЕ? Толығырақ

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ

20:38, 6 қараша 2019

«7,7 млн адам ауылда тұрады. Олардың тұрмысын жақсартып, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндет». Бүгін, Премьер-министр Асқар Мамин «Ауыл – ел бесігі» жобасының жаңа тетіктерін мақұлдау барысында осылай деді. Аталған бағдарламаны «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының 18-съезінде жариялаған болатын. Қазір, 3 477 перспективалы ауыл іріктелген. 2020-2026 жылдары жобаны қаржыландыру ұлғая түспек. Алдағы 7 жылда 7 мың шақырымнан астам ауылдық жолдарды, инженерлік желілерді салу және жөндеу көзделген.

Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және бизнесті қолдаудың 2025 жылға дейінгі жаңа тәсілдері де қаралды. Үкімет басшысы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. 2010 жылдан бастап оны іске асырудың нәтижесінде 342 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 94 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Биыл Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business» бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде 28 орыннан 25 орынға көтерілді.

Тақырып бойынша материалдар

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРГЕНДЕР КӨП
20:14, 19 ақпан 2020
«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРГЕНДЕР КӨП
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: БЫЛТЫР 2 629 КӨЛІК ЭКСПОРТТАЛДЫ
20:23, 18 ақпан 2020
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: БЫЛТЫР 2 629 КӨЛІК ЭКСПОРТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Г. САРИНАНЫҢ «АБАЙДЫҢ ӘН ӘЛЕМІ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
20:24, 17 ақпан 2020
Г. САРИНАНЫҢ «АБАЙДЫҢ ӘН ӘЛЕМІ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Толығырақ...