ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ: ҚОСТАНАЙ МЕН РУДНЫЙҒА КІРІП-ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ Толығырақ

ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

20:05, 16 қаңтар 2020

Көш көлікті болсын! Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өткен жылы оңтүстік, батыс өңірлерінен солтүстік аймақтарға 700 шаңырақ қоныс аударған. 2018-2022 жылдары барлығы 59 мың отбасын теріскейге көшіру жоспарланып отыр. Қостанай жеріне Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Маңғыстау облыстарынан қоныстанушылар көп. Оларға қандай жеңілдіктер қарастырылған? Бұл бағдарлама өңірдегі жұмыс күші тапшылығы мәселесін қаншалықты шешіп отыр? Әріптесіміздің бейнематериалына назар салайық.

Заречный – облыс орталығына іргелес орналасқан елді мекен. Кәсіп бастаймын дегендерге қолайлы жер. Қайнаған бәсеке жоқ. Керек-жарағын қаладан әкеле қояды. Тоқкүлеевтер отбасының бұл ауылды таңдауының бір себебі осы. Көпбалалы жанұя Түркістан облысынан 2018 жылы көшіп келген. Қазір ерлі-зайыпты асхана ашып, өздерін жұмыспен қамтып отыр.

Оңтүстік өңірлерден солтүстікке көшуге ниетті адамдарды ынталандыру үшін қоныс аударғандардың шығындары 35 АЕК көлемінде өтеледі. Жұмыс күші тапшы аймаққа қоныстанса, отбасының әр мүшесіне 90 мың теңге көлемінде қаржы беріледі. Олардың бір жыл бойы жалдап тұратын тұрғын үй шығыны субсидияланады. Баспана сатып алғысы келсе, бір жылдық қаражатты бірден сұраса болады. Ол үшін негізігі талап бойынша отбасындағы кемінде бір адам жұмыспен қамтылуы керек.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Қостанай облысында еңбек ресурстарын оңтайландыруды көздейтін өңірлік квотаға 900-ге жуық адам іліккен. Оның ішінде 500 қоныс аударушы, «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының 36 түлегі және шет елден оралған 350 қандасымыз бар. Ал, былтыр 814 адам Тобыл-Торғай аймағынан құтты қоныс тапқан.

Көші-қон бағдарламасы жұмыссыз жүргеннің бәрін солтүстікке көшіруді мақсат етпейді. Негізгі бағыт – басқа аймақтардағы бос жұмыс күшін мамандықтарына сай теріскейге орналастыру, тұрақтандыру. Мысалы, солтүстік өңірлерге мұғалім, дәрігер, құрылысшы, ауыл шаруашылығы мамандары жетіспейді. Бағдарлама аясында соңғы 4-5 жылда бос тұрған жұмыс орындары осындай мамандармен толыққан. Тағы қоса кетерлік жайт, қоныс аударушылар халық аз шоғырланған ауыл-аймақтарын сақтап қалуға да үлес қосып жатыр. Көш көлікті болсын!

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

«BASTAU-БИЗНЕС»: БИЫЛ 190 АДАМ ЖЕКЕ КӘСІБІН АШҚАН
20:37, 20 қараша 2020
«BASTAU-БИЗНЕС»: БИЫЛ 190 АДАМ ЖЕКЕ КӘСІБІН АШҚАН
Толығырақ...
ҮШ МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
20:36, 20 қараша 2020
ҮШ МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУҒА БИЫЛ 3,32 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
20:34, 20 қараша 2020
АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУҒА БИЫЛ 3,32 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ
20:13, 19 қараша 2020
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА...
Толығырақ...