ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ: ЖЫЛУ НЕГЕ ЖЕТКІЛІКСІЗ?

20:24, 24 ақпан 2020

Жылу температурасы талапқа сай келмейді. Бұл – Қостанай қаласының Гагарин көшесіндегі 14-ші үй тұрғындарының шағымы. Осы мәселе бойынша жылу-энергетикалық компания басшысы кабинетінде қабылдау өткізіп, пәтер иелерінің талап-тілегін тыңдады. Түйткіл шешіле ме, жоқ па? Компания басшылығы қандай уәж айтып отыр? Тақырыпты әріптесіміз сабақтасын.

Мейрамгүл Бижанова – Гагарин көшесіндегі 14-ші үйдің тұрғыны. Коммуналшылар жұмысына оның да көңілі толмайды. «Пәтеріміздің қабырғасы суланып, қыс бойы бала-шағаның денсаулығына алаңдаумен болдық» дейді ол.

Бұл мәселе жақында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің есеп беру кездесуінде де көтерілді. Өңір басшысы бірінші орынбасарына жұртшылық шағымына байланысты арнайы жұмыс тобын құруды тапсырған. Облыс әкімдігі назарға алған мәселеге нақты кім жауапты? Қаланы жылумен қамтып отырған компания ма, әлде тұрғындардың өздері ме? Әр тараптың өз уәжі бар.

Компания басшысы көрсеткен кестедегі жылу көрсеткіштеріне пәтерлерін жазда ғана жөндеуден өткізгендер сене алмады. «Үйде жылытқыш плиталар қосып, электр қуатына артық төлеп отырмыз» деп налиды олар. Тіпті, үйіне бір түнеп шығуға шақырып жатқандар да болды.

Компания басшысы температура графигі бар екенін, жылу соған сәйкес берілетінін жеткізді. Қыс бойы ызғақтап шыққандар оған да сене қоймады. Сондықтан, жиналғандардың өтінішімен демалыс күндері арнайы комиссия Гагарин көшесіндегі 14-ші үйге тексеріс жүргізді. Аталған үйдің жай-күйіне, күтіміне жауапты Наталья Медведева тексерістен соң, қандай да бір жұмыстар басталып кеткенін айтады.

Арнайы комиссия бұл мәселеге қатысты екі себепті көрсеткен. Олар: бірінші қабаттағыларға жылу жертөледен жеке тартылған және бірнеше пәтерлерде радиаторлар дұрыс орнатылмаған. Жауапты компания өкілдерінің айтуынша, қазір үй ішіндегі жылуды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ал, пәтер иелері өздері қаражат жинап, үйге жеке жылу айдау құрылғысын сатып аламыз деп отыр.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...