ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ Толығырақ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ТАРТУ

21:05, 1 желтоқсан 2019

Мереке қарсаңында Бейімбет Майлин ауданындағы Новоильинов ауылының тұрғындары да ауыз сумен қамтылып, қуанысып жатыр. Елбасының халыққа арнаған жолдауында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» керектігі айтылған болатын. Жолдау жүктеген міндеттердің жүзеге асырылуы аталмыш ауданда да басты назарда.

Новоильнов ауылын ауыз су желісіне қосу үшін екі жыл көлемінде іске асқан ауқымды құрылыс жұмыстары қолға алынды. Су құбырлары жүргізіліп, арнайы қондырғылар орнатылды. Мердігер мекеме өзіне жүктелген міндетті абыройлы атқарып, мереке қарсаңында барлық жұмысты толық аяқтады.

Ауылға тартылған құбырдың ұзындығы 22 шақырымды құрайды. Жобаның жалпы құны 553 млн теңге. Қаражат Республикалық және облыстық бюджет есебінен бөлінді. Мереке қарсаңында іске қосылған су желісі, тұрғындарға үлкен қуаныш сыйлады. Олар бұған дейін, ұзақ жылдар бойы жалғыз құдықтың суын ішіп келді. Енді, ол күндер артта қалды.

Айта кету керек, ағымдағы жылы Бейімбет Майлин ауданында тағы бір су құбырының құрылысы басталды, Валерьянов ауылын орталықтандырылған су жүйесіне қосу үшін 450 миллион теңге бөлінді. Ауқымды жоба 2020 жылы толығымен аяқталады.  

Тақырып бойынша материалдар

80 ОТБАСЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:30, 11 желтоқсан 2019
80 ОТБАСЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ
20:34, 10 желтоқсан 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
20:25, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...