ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗЕҢІНДЕ ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

20:30, 31 наурыз 2020

Төтенше жағдай уақытында шағын және орта бизнес өкілдері жәрдемсіз қалмайды. Ол үшін жұмыс беруші табысының тоқтағанын дәлелдейтін құжаттарын арнайы органдарға ұсынуы керек. Жалпы әлеуметтік көмекті беру жөнінде өңірлерде штабтар құрылған. Олардың жұмысы облыс әкімінің қатысуымен өткен алқалы мәжілісте талқыланды.

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ақшалай төлем қалай беріледі? Аппарат жиналысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Гүлнәр Әбенова осы төңіректе баяндама жасады. Айтуынша, бір адамға берілетін әлеуметтік төлемнің көлемі төменгі жалақы деңгейінде немесе  42 500 теңгені құрамақ. Аталған жәрдем түрді ел аумағында жұмыс істейтін азаматтарға тағайындалған. Оны алудың арнайы шарттары бар.

Әлеуметтік төлем орта, шағын және микробизнес жұмысшылары үшін ғана жүзеге асырылады. Табысы тоқтаған іскер азаматтар  жәрдемнен қағылмайды. Жаңа әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жүгінуі тиіс. Яғни, төтенше жағдай кезінде қызметінің шектелуіне байланысты жұмысшысының кірісінен айырылатынын дәлелдейтін құжаттары қолында болуы керек.
 

Өңірлік  штабтардың жұмысын аудан, қала әкімдері бақылауға алмақ.  Әлеуметтік төлем алуға қанша арыз  келіп түсті. Жергілікті билік тізгндеген тұлғалар бұл бағытта тиісті мекмелерге ақпарат жіберуі   керек. Облыс әкімі осыны қадап тапсырды.

Аппарат жиналысында осы күнге дейін облыста  280 мың маска тіглігені айтылды. Медициналық бетпердедер өндірісімен өңірде  70 тігін цехы айналысады.  Жергілікті өнімдер дәріханаларға тиісті көлемде жеткізілген. Сондықтан тапшылық болмайды деп сендірді мамандар.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ
20:20, 26 мамыр 2020
ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:16, 26 мамыр 2020
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...