ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ТОБЫЛДАН ТАРТУ: ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР ЕЛОРДАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕГЕ ҚАТЫСАДЫ

20:50, 6 қыркүйек 2019

Нұр-Сұлтан қаласында жылда дәстүрге айналған ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Оған барлық өңірлер секілді Қостанай облысы да атсалыспақ. Бүгін ертемен 400 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері тиелген жүк көліктері бас шаһарға аттанды. Оларға ақ жол тілеп, біздің түсіру тобымыз да шығарып салды.

Барлығы 14 аудан, 3 қаладан жиналған 380 тонналық  мол азық-түлік  Нұрсұлтан қаласындағы жәрмеңкеде саудаға түседі. Облысымыздың брендке айналған ауылшаруашылық өнімдері елордалықтарға ұсынылады.

Астыққа бай өлкенің  диқандары биыл  жиын-терімнен мол өнім алдық деп қуанып отыр. Қап-қабымен көкөніс, тоннасымен ет, сүт өнімдері.

Жәрмеңкеге көкөністен басқа,  ет, сүт өнімдері молырақ жеткізіледі. Баға әдеттегідей базардағыдан 10-15 пайызға төмен болады деп жоспарланып отыр. Ал, елоралықтардың дастарханына ұсынылатын ауыл-шаруашылық өнімдеріне келсек:

Өнімдердің жалпы көлемі – 380 т

ет өнімдері – 50 т

сүт өнімдері – 35,0 т

шұжық және жартылай ет өнімдері – 20 т

жарма және макарон өнімдері- 30 т

картоп және көкөністер – 60 т

нан және кондитерлік өнімдер – 20 т

жұмыртқа – 20,0 т

ұн – 50,0 т.

Билік басындағылар бұл өңірлік жәрмеңкені  бірнеше жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асыруда. Бұл біріншіден, өңірлік тауар өндірушілердің өнімін өткізудің тиімді тәсілі болса, екіншіден, ел-жұрттың ақшасын үнемдеуге үлкен септігін тигізеді дейді ұйымдастырушылар.

Жансая Асылбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар