ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ 20 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ Толығырақ

Тобыл-Торғай туризмі түлемек

20:30, 13 наурыз 2018

Ел экономикасын еселеудің тағы бір тың тетігі - туризм саласын дамыту. Ол үшін отандық демалыс орындары шетелдік курорттардан кем түспеуі тиіс. Әзірше, ондай орасан деңгейге жетпегенімізбен, тұтас еліміздегі, оның ішінде Тобыл-Торғай өңіріндегі туризмді түлету қарқыны көңілге қонымды. Аталмыш саланы алға бастыру үшін барлық жағдайлар жасалуда. Діттеген дәрежеге жету жолындағы оң шаралар тілші репортажында.

Облыс әкімдігінің кезекті аппарат жиынында Қостанай облысы бойынша турзимді дамыту мәселесі қаралды. Бұл саланың қазіргі қарқыны жайлы облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы - Иса Құдабеков мол мәлімет берді.

Тобыл-Торғай даласы - аңшылық және балық шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ. Мұнда 300-ге жуық көл, 5 мың өзен, 120 балық аулау айдыны бар. Сондай-ақ, 720 мәдени орын туристерге қызықты болып отыр. Биыл Аманкелді ауданындағы Торғай геоглифтарын қоршауға 17 млн. теңге бөлінбек. Бұдан тыс, 5 инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Сонымен қатар, өңірде жол бойындағы туристік нысандарды көбейту көзделіп отыр

Және барлық жерлерде туристік қызмет көрсету сапасын арттырып, жол бойында дәмхана, қонақ үйлер салу керек. Оны мемлекеттік және жекеменшік әріптестік арқылы да орындауға болады. Біздің өңір арқылы халықаралық маңызы бар жолдар өтеді. Сондықтан туризм табалдырықтан басталады, - деді әкім.

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ – ЕЛ ӘЛЕУЕТІНІҢ АРТУЫ
20:39, 23 сәуір 2018
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ – ЕЛ ӘЛЕУЕТІНІҢ АРТУЫ
Толығырақ...
ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕРЛЕР БОЙЫНША КОМИССИЯ ҚҰРЫЛАДЫ
20:36, 23 сәуір 2018
ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕРЛЕР БОЙЫНША КОМИССИЯ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар