ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ТАУАР БЕЛГІСІН ҚОРҒАУ – КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КЕЛЕШЕГІ

20:36, 14 наурыз 2019

Әділет департаментінің өкілдері жергілікті өнім өндірушілер және кәсіпкерлер үшін арнайы семинар өткізді. Жиын барысында өндірістік меншік заңнамасы және тауардың шыққан жерінің атауын көрсетудің ұтымды тұстары түсіндірілді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Нарықта табысқа қарық болу үшін өндірістік меншікті сақтай білу әрі қорғау – негізгі талап. Әділет департаменті Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы бірлесе отырып семинар өткізді. Мұнда өз тауарын қорғаудың жолдары мен сұранысын арттыру амалдары жайлы айтылды. 

Жыл басында зияткерлік меншік заңнамасына өзгерістер енгізілген еді. Осы ретте өнім өндірушілер арасында заңның жаңашылдықтары хақында түсіндіру жұмысын жүргізу өзекті дейді мамандар.

Мамандардың сөзінше, тауар белгісін тіркеу және меншіктеуге тапсырысты онлайн түрде беруге де болады. Сол арқылы кәсіпкер өз ісін заң жүзінде қорғап, табысын еш кедергісіз еселей бермек.

Нұрқанат Нүсіпхан,

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
20:37, 19 наурыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
20:38, 18 наурыз 2019
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар