ШҰҒЫЛ! COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Толығырақ

ТАРИФТЕР ТӨМЕНДЕДІ

20:33, 3 сәуір 2020

Төтенше жағдай кезінде Қостанай облысында реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап төмендетілді. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады. 23 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясы және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау аясында, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірден бастап, ТЖ кезеңіне халыққа келесі коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетті:

Графика:

«Қостанай су» МКК: сумен жабдықтау бойынша тариф 1 м3 үшін 85,3 теңгеден ҚҚС-ы есебімен 76,78 теңгеге дейін немесе 10 %-ға төмендеді;

«Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК-ы тұрғындар үшін жылумен жабдықтау қызметіне тариф 1 Гкал үшін 4813,88 теңгеден 4715,64 теңгеге дейін ҚҚС-ы есебімен немесе 2,04%-ға төмендетілді.

«Тобыл жылуэнергетикалық компаниясы» КМК-ы халық үшін:

- жылумен қамту бойынша тариф 6280,66 теңгеден 5652,55 теңгеге дейін ҚҚС-ы есебімен немесе 10 %-ға төмендетілді;

«Жітіқаракоммунэнерго» МКК-ы халық үшін:

- сумен жабдықтау бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен 1 м3 үшін 146,72 теңгеден 132,05 теңгеге дейін немесе 10 %-ға төмендеді;

- жылумен жабдықтау бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен Гкал үшін 5809,52 теңгеден 5228,56 теңгеге дейін немесе 10%-ға төмендетілді.

«Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» МКК-ы халық үшін:

- сумен жабдықтау бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен 1 м3 үшін 96,35 теңгеден 86,72 теңгеге дейін немесе 10 %-ға төмендеді;

- жылумен қамтамасыз ету бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен Гкал үшін 3228,78 теңгеден 2905,91 теңгеге дейін немесе 10%-ға төмендеді.

«Лисаковскгоркоммунэнерго» ӨШБ МКК-ы халық үшін:

- сумен жабдықтау бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен 1 м3 үшін 102,26 теңгеден 97,14 теңгеге дейін немесе 5,01 %-ға төмендетілді;

- жылумен қамтамасыз ету бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен 5257,48 теңгеден 5050,39 теңгеге дейін немесе 3,94%-ға төмендетілді.

Қазіргі уақытта департамент реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерін төмендету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Тақырып бойынша материалдар

НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...
2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
20:29, 27 мамыр 2020
2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...