ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

СУ ЖҮЙЕЛЕРІ СУЫҚ КҮНДЕРІ ДЕ СЫР БЕРМЕЙДІ

20:58, 6 қыркүйек 2019

Су жүйелері суық күндері де сыр бермейді. Мәселен, Қостанай қаласында 510 шақырым ауыз су құбыры болса, соның 70 пайыздан астамы тозған. Сондықтан да, биыл қаланың әр бөлігінде ескі құбырлардың басым бөлігі алмастырылған, яғни ескірген желілердің жарылып кету қаупі біршама сейіле түскен. Су тазарту қондырғыларын модернизациялау қарқыны үдей түскен. Бұл шара шаһар тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтудың көрсеткішін еселейтіні анық.

Қостанай қаласының тұрғындары үшін ауыз су көзі  - Тобыл өзені және жер асты су қорлары.  Мамандардың ақпаратына сенсек, тәулігіне облыс орталығы орта есеппен 50 мың текше метр аузы суын және 40-45 мың текше метр  кәріз жүйесіне тұтынады. Алдағы алты ай қысқа су көздерінің әзірлігі - жүз процент.

Шаһарды тұнық та таза тіршілік нәрімен қаматамасыз етуде су сүзу қондырғылары басты міндет атқарады. «Қостанай Су» мекемесіне қарасты сүзгілердің шамасы – тәулігіне 100 мың текше метр. Бұл бағытта да ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мәселен, Еуропа банкі бағдарламасы бойынша су тазарту жүйелерін барынша арттыруға екпін қойылған.

Қазірге белгілі мәлімет бойынша, қостанайлықтардың тұтынымындағы ауыз судың жартысы Тобыл өзенінен болса, ал қалған елу проценті жер асты суларының үлесінде, яғни судың сапасы артып, қаттылығы біршама төмендеген. Қалада 510 шақырым ауыз су құбыры бар болса, соның 70 проценттен астам бөлігі тозған.

Кәріз жүйесіне байланысты, мекеме берген мәліметке сәйкес, биыл 15 шақырымға жуық бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп межеленген. Қазірге жұмыстың жартысынан астамы орындалған.

Нұрқанат Нүсіпхан

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
20:35, 26 ақпан 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:26, 26 ақпан 2020
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...