ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ НАЗАРДА

18:04, 16 сәуір 2018

Тасқын қаупі төнген сайын, бақылау да күшейді. Қатермен бетпе-бет келмеу үшін дайындық шаралары дамылсыз пысықталып жатыр. Әсіресе, су қоймалары мен бөгеттердің жайы басты назарда ұсталуы керек. Осы мақсатта облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Таран және Жітіқара аудандарына арнайы жұмыс сапарымен барды. Аталған аумақтарда атқарылып жатқан ауқымды шаралар жайында толығырақ тілшіміз баяндайды.

Аймақ басшысы әуелі Таран ауданына аялдап, Аят өзенінің жағасында салынып жатқан бөгеттің жай-күйімен танысты. Оның құрылысына облыс бюджетінен 116,4 млн. теңге қаржы бөлінген екен. Жобаның жалпы құны – 270млн. 783 мың теңге. Жұмыстар биыл қазан айында аяқталмақ. Өңір әкімі мерзімнен бұрын сапаға ден қоюды тапсырды. Бұл жерде аудан құтқарушылары мен техника сап түзесіпті. Олар табиғаттың тосын мінезіне тас-түйін дайын екендеріне сендірді.

Жітіқараның да жіті бақылауында бірнеше гидротехникалық нысан бар. Солардың бірі – Желқуар су қоймасы. Мұнда қызыл су қарқыны күшейіпті. Қойма арқылы арқырап ағып жатыр. Учаске басшының облыс әкіміне берген ақпаратынша, бұл ағын Денисов ауданы арналарын көктеп өтіп, Тобыл өзеніне қосылады екен. Жауапты мекеме өкілдері мұндағы жағдайды ұдайы қадағалап отыр. Айта кетейік, бұл нысан республикалық және облыстық бюджет есебінен 2011-2013-ші жылдары салынған болатын.

Кезекті нысандар – төменгі және жоғарғы Шортанды су қоймалары. Бұл жерде де қызыл су деңгейі көтерілген. Дегенмен, таяудағы елді мекендерге келер қауіп жоқ. Оның үстіне, сонау 1962-ші жылы пайдалануға берілген қос қойма да биыл күрделі жөндеуден өтеді. Оған 154,4 млн. теңге қаржы қарастырылыпты.

Жауапкершілікті өз мойнына алған мердігер компания құрылысты осы жылдың тамыз айында аяқтауға уәде етті.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ІС КӨП
20:33, 17 шілде 2018
АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ІС КӨП
Толығырақ...
 ЖІТІҚАРА АУДАНЫНДА 286 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
20:30, 17 шілде 2018
ЖІТІҚАРА АУДАНЫНДА 286 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
20:45, 17 шілде 2018
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
20:30, 16 шілде 2018
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...