ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫ. МҰЗ ЖАРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

20:33, 18 наурыз 2020

Облыста су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Биыл Бейімбет Майлин ауданындағы бірқатар елді мекендерді су басу қаупі жоғары. Құтқарушылар көктемгі топан суға тойтарыс беру үшін Аят өзенінің мұзын жарды. Айтуларынша, техника, жанар-жағар май мен құрал-саймандар жеткілікті.

Ресейден бастау алып Бейімбет Майлин ауданы арқылы өтетін Аят өзенінде мұз жару жұмыстары көктем сайын жүргізіледі. Бұның бәрі қалың мұздың кенеттен еріп, өзеннің арнасынан асып және жақын  маңайдағы елді мекендерді су басып кетпеуі үшін  жасалады. Құтқарушылар  ең әуелі жарылыс аумағына қызыл жалаулар орнатты. Одан әрі жарылғыш заттар мұз үстіне әр жерден қойылып, ойықтарға оқ-дәрілер салынды.  

Бұдан соң міне, осындай пішінге ие болған мұздар жан-жаққа ақтарылды. Мұз өзеннің үш жерінде жарылды. Екеуі Майлин ауылы маңында, енді бірі Майский селолық округінде. Мың тоннаға жуық жарылғыш заттары пайдаланды.   

Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары Бейімбет Майлин ауданы су тасқынына сақадай сай екенін айтады. Техника, құрал-саймандар жеткілікті, дейді. Өзен жағалауына жақын орналасқан көше тұрғындарына үнпарақтар үлестіріліп, қауіп төне қалса қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді.    

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:02, 29 мамыр 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...