ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУҒА КВОТА 40 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРДЫ

20:13, 23 қаңтар 2020

Еңбек нарығы – тек отандық мамандарға! Осыған орай,биыл Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға квота айтарлықтай қысқарды. 2019 жылмен салыстырғанда 40 пайызға аз. Мемлекет 3-ші және 4-ші санаттағы шетелден келетін жұмысшылар санын азайту міндетін қойды. Қостанай облысында 2020 жылы қанша шетелдік маман жұмыс істей алады? Тілші тарқатады.

Таяу жылдары өңірде бірнеше ірі инвестициялық жоба жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Квотаны қысқарту арқылы ішкі еңбек нарығын білікті емес шетелдік жұмыс күшінен қорғауға, қазақстандық кадрларды көбірек жұмысқа орналастыруға мүмкіндік туады», - дейді сала мамандары.

ГРАФИКА

2019-ші жылдың тамыз айынан бері ҚР Бас прокуратурасының қолдауымен еңбек инспекциясы 30-дан астам шетелдік мамандар жұмыс істейтін 95 кәсіпорында тексеру жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде, аталған кәсіпорындарда еңбек және көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 930 факті анықталып, жойылды. 25 кәсіпорында жалақы және еңбек шарттарының сәйкессіздігі бойынша 474 факті анықталды. Заңнамаға сәйкес аталған кәсіпорындардың басшыларына қатысты шаралар қабылданды, ұйғарымдар жасалды, 2 млн теңгеге айыппұл салынды. Қазақстанда жұмыс істеуге берілген 681 рұқсат қағазы қайтарып алынды, 393 шетелдік жұмыскер елден шығарылды.

Сала маманының пікірімен санаспауға болмайды. Шетелден келетін жұмысшылар негізінен аса дәлдікті талап ететін жоғары технологиялық жобаларда жұмыс істеуде. Мәселен, құбырларды байланыстырушы, нақты стандарттарға сай дәнекерлеуші мамандар дегендей. Ендігі міндет – қазақстандық кадрларды сол орындарға тарту. Ол үшін білікті оқытушылар құрамын жасақтау маңызды жоспардың бірі болмақ. Жалпы Қостанай облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындарына негізінен Ресей және Қытай елдерінен мамандар тартылады екен. Президент тапсырмасына сәйкес келешекте олардың орнын толықтай отандық кадрлар алмастыруы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
20:35, 26 ақпан 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:26, 26 ақпан 2020
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...