ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ШАРУАЛАР СУБСИДИЯ АЛА АЛМАЙ ОТЫР

20:44, 5 қыркүйек 2019

Кешіккен көмек. Құрғақшылықтан зардап шеккен Қостанайдың диқандары Үкіметтен бөлінетін субсидияны да ала алмай отыр. Көктем мен жазда егіс зиянкестеріне қарсы топыраққа химиялық өңдеу жүргізіледі. Бұған қажетті қаржыны шаруалар өз қалтасынан шығарады. Кейін тиісті құжаттарын тапсырған соң, оның белгілі бір бөлігін мемлекет қайтарып беруі тиіс. Субсидияның осы түрі бойынша Үкіметтің қостанайлық диқандарға қарызы 2 млдр 600 мың теңге болып тұр.

Ерлан Айтбаев Арқалық қаласының іргесіндегі Мирный ауылында тұрады. Егнішілікпен айналыса бастағанына биыл екінші жыл. 400 гектар алқапқа бидай екті. Астығы толық күйіп кетуден аман. Шығымдылығы төмен болса да әйтеуір қамбасы құр қалмайды. Жаздай көктен жаңбыр тілеп қарап отырмай химиялық өңдеу жүргізіп, топырақты баптады.

Субсидияны күтіп сергелдеңге түскен жалғыз Ерлан Айтбаев емес. Құрғақшылықтың кесірінен шығынға батқан шаруаларға, Үкіметтің тиесілі көмекті кешіктіруі қосымша соққы болып отыр.  

Топырақты химиялық өңдеуден өткізу үшін биыл облысқа 4 млдр 900 млн теңге бөлінген. Оның бәрі  шаруаларға төленіпті. Тек бұл қаржы бәріне бірдей жетпеген.

Облыстық басқарма мамандарының айтуынша  бұл максатқа биыл қосымша қаржы бөлінбейді. Яғни үкімет шаруалар алдындағы қарызын тек келер жылы ғана өтеуі мүмкін.  

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
20:35, 26 ақпан 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:26, 26 ақпан 2020
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...