ШҰҒЫЛ! COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Толығырақ

Шағын және орта бизнес жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылады

20:35, 6 сәуір 2020

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлік салығын төлеуден 2020 жылдың 31-желтоқсанына дейін босатылды. Бұл кірістер комитетінің мемлекеттік қызмет алушыларға ел аумағындағы төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты бекіткен жаңа регламенті. Енді қызмет көрсетудің сапасы артып, біршама жеңілдіктер қарастырылып отыр.

Қазіргі таңда, кірістер органдары тарапынан көрсетілетін 44 қызметтің 37 түрі яғни 84% электронды түрде жүргізіледі. Салық төлеушілер кірістер басқармасына келмей, интернет желісі арқылы өзіне қажетті қызметті алуына болады. Бұдан бөлек, контакт-орталықтары іске қосылған. Сіз салық төлеу мәселесіне қатысты кез-келген сұрағыңызға тиісті жауап аласыз. Бүгінгі қалыптасқан жағдайға байланысты салық төлеушілерге қатысты жеңілдік қарастырылып отыр. Мәселен, ірі сауда нысандары, сауда және ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен денешынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары мүлік салығын төлеуден 2020 жылдың 31-желтоқсанына дейін босатылды. Осы аталған азаматтар барлық салықтар бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұлдарды есептеу ағымдағы жылдың 15-тамызына дейін тоқтатылады және салық есептілігін тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың 3-тоқсанына ауыстырылады.

Тақырып бойынша материалдар

НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...
2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
20:29, 27 мамыр 2020
2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...