ШҰҒЫЛ! ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨЛЕМІ ӨСТІ Толығырақ

ШАҒЫН ШАҺАРДА ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

20:30, 8 қараша 2018

Елбасының Жолдауына сай, Лисаков қаласында баспанамен қамту 5 есеге артады. Мемлекеттік– жекеменшік әріптестік аясында соңғы жылдары мектепке дейінгі 5 нысан пайдалануға берілді. Ал келер жылы шағын шаһар одан әрі шырайлана түспек. Энергия үнемдегіш жаңа жарықтандырғыштар орнатылады. Лисаков әкімі Алмат Исмағұлов моноқаладағы ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды баян етті. Аймақтық баспасөз орталығында өткен мәжілісте шағын шаһарға қарасты елді мекендерді көгілдір отын және ауыз сумен қамту, әлеуметтік нысандардың қатарын арттырып, экономикалық көрсеткіштерді жоғарылату басты – міндет екенін айтты.

Жыл басынан бергі 9 ай аралықта  Лисаков қаласының негізгі экономикалық көрсеткіші біршама артқан. Басты дамуы өндірістік кәсіпорындарға байланысты шаһардағы өнім көлемі 38 млрд теңгені құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 136%-ға жетіп отыр. Тау-кен саласынан 31 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылғыдан 45%-ға артық. Ал өндірістік кәпорындардың қайта өңдеу секторы 4,9 млрд. теңгенің өнімін шығарып, былтырғыдан 2,8% артық көрсеткішке жетіп отыр.
 

Жалпы инвестициялық капитал жылдың алғашқы екі айында 15,4 млрд теңгені, яғни, өткен жылға қарағанда 1,8 есеге артса, жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 20 млрд теңгеден асып жығылады деген болжам бар дейді, шаһар басшысы. Жұмыспен қамту бағытында да біршама оң нәтиже байқалады. Жоспар толығымен орындалған. 1035 адам еңбекпен қамтылды. Ал электронды биржа арқылы 281 тұрғын екі қолына бір күрек тапты,  Құрылыс шараларының да нәтижесі зор. Шаһарда баспанамен қамту былтырғыға қарағанда 5 есеге артып, 5840 шаршы метрге дейін жетті.
 

Энергияның ұтымды пайдаланып,  үнемдеу экономикаға қосымша кіріс түсіретіні белгілі. Лисаков бұл бағытта өңірімізде көш басынла келеді.  1850 шарықшамның 60%-ы үнемдегіш.  Алмат Исмағұлов келер жылы осындай 900 жарықшам орнатылып, шаһар көшелері  толығымен жарықтандырудын жаңа тәртібіне көшетінін айтады. Қалада «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жалпы білім беру орындарынан бөлек, мектепке дейінгі мекемелерде кеңінен де орнатылуда.
 

Шағын және орта бизнес те дамып келеді. Қалада 1554 кәсіп нысаны бар. Биыл тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы да жаңғыртылды. Аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында  бөлінген қаражатқа инженерлік желілер толығымен жаңартылды. Биылғы болған спартаикада бұқаралық спортты одан әрі дамыта түсті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы да басты назарда. Келер жылы шағын шаһар шырайлана түспек. Ол үшін «Аула» жобасы қолға алынады.  Қала аббатандырылып, жаңа кейіпке енеді.
 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ ТАРИФІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК БЕРІЛДІ
18:04, 16 қаңтар 2019
ЖЫЛУ ТАРИФІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК БЕРІЛДІ
Толығырақ...
БЫЛТЫР ӨҢІРДЕ 12 МЫҢ КӨЛІК ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
18:00, 16 қаңтар 2019
БЫЛТЫР ӨҢІРДЕ 12 МЫҢ КӨЛІК ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
13:05, 14 қаңтар 2019
«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Толығырақ...