ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ШАҒЫН НЕСИЕ – БИЗНЕС БАСТАУЫ

20:39, 1 қазан 2019

Шағын несиенің шалғайдағы ағайын үшін қолжетімді болуы – Елбасының бес бастамасындағы басты бағыттардың бірі. Бүгінде ауылдық жерлерде шағын кәсіпкерлікке жұртшылықтың ынтасы жыл санап артып келеді. Шағын несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп жатқандардың саны да көбеюде. Облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында өңірдегі шағын несие беру нарығының алдағы дамуы мен қол жеткізілген нәтижелер талқыланды.

Шағын несие – кәсіпкерлікті көркейтудің тиімді тетігі! Аймақ азаматтары арасында шағын несиеге деген сұраныс артқан. Жеке кәсібін ашуға ниетті жандарға үкімет тарапынан тиімді қолдау тетіктері ұсынылуда. Мемлекеттік бағдарлама бойынша былтыр республикалық бюджеттен 466 млн теңге қаржы бөлінген. Ал биыл шағын несиелендіру 1 млрд 300 мле теңгеге дейін артқан.

Белгілі бір кәсіппен айналысуға мүдделі азаматтар алдымен ішкі нарықты зерттеп алуы керек. Бұл - бизнес заңдылығы. Тұтынушылардың талабы, нарық сұранысы ескерілуі қажет. Сонда ғана іс ілгерілейді дейді мамандар. Ағымдағы жылы кәсібін бастаймын деген қала тұрғындарына 140-тан астам шағын несие берілмек. Қазіргі таңда оның 81 жобасы мақұлданған. Жеңілдікпен есиелендірілген жобалардың орташа соммасы – 9 млн теңге.

«Еңбек» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес қоры биыл 3 млрд теңгені игермек. Бағдарламаның екі қолға бір күрек таба алмай, жұмыссыз жүргендерге берері мол. Сала мамандары, мемлекет қолдаудың арқасында бірқатар кәсіпкерлер тұрмысының оңалғанын қуанышпен айтады.

Облыс әкімі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген ақшаны ысырып қылмай уақытылы игеруді жүктеді. Және, тиісті басқармаларға кәсіпкерлерді оқыту бойынша, басқа өңірлердің тәжірибесіне назар аударуды тапсырды.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
20:41, 12 желтоқсан 2019
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЫҢ ТЕТІКТЕРІ АЙҚЫНДАЛУЫ ТИІС
20:39, 11 желтоқсан 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЫҢ ТЕТІКТЕРІ АЙҚЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...