ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БОЛАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ Толығырақ

ШАҒЫН БИЗНЕС ДАМЫП КЕЛЕДІ

20:34, 11 қыркүйек 2018

Кәсіпкерлерге үкімет бағдарламалары бойынша арзан несие беріле бастағаннан бері, Федоров ауданында шағын және орта бизнес нысандарының қатары артқан. Нәтижесінде, аудан тұрғындарының арасындағы жұмыссыздық біршама азайған. Биылдың өзінде 45 азамат несие алып, өз кәсібін ашқан.

Федоров ауданында «Еңбек «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда.»Бастау-бизнес» жобасы арқылы ауыл тұрғындарына кәсіпкерлікті үйретуде біраз жұмыс атқарылды.Биылғы жылдың басынан бері 66 ауыл тұрғыны осы курста оқып,кәсіби білімін жетілдірді. Қаржылай қолдау қоры арқылы өз кәсібін  ашпақ болған 45 адам 74 миллион тенге несие алды.Ал қазір де  тұрғындардың 27 миллион тенге несие алуға тапсырған сұраныстары қаралуда.

Ауданның Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында орналасуы да шағын бизнестің дамуына оң әсерін тигізуде.Тас жол бойында тоғыз асхана бар.Мұнан тыс,жыл сайын машина жөндеу станциялары мен түрлі қызмет  көрсету орындары ашылуда. Артем Костенконың мына шағын асхананы іске қосқанына көп бола қоймапты. Мемлекеттік жәрдемнің арқасында өз ісін бастап, мол табысқа кеңелуде.

Федоров ауданы негізінде ауыл шаруашылығымен айналысатын болған соң,олардың көбі осы салада еңбек етуде.Әсіресе,мал шаруашылығын  тірлігіне тірек етіп,мал еті мен сүтін өндірушілер өте көп.Кәсібін ашуға талаптанушыларға «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіби білім берудеміз.Биыл бізге 100 адамды оқыту белгіленген еді.66 адам оқып шықты.Қазір де 17 адам оқуда.Арнайы кәсіби білім алып шыққан соң,олар да өздерінің бизнес жоспарын жасайды.Жасаған жоспарын қорғап,сол бойынша несие алып,кәсіптерін ашпақ.

Тақырып бойынша материалдар

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ БҰЗҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ
18:00, 18 сәуір 2019
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ БҰЗҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ ҰЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
16:12, 15 сәуір 2019
Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
Толығырақ...