ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

САПАЛЫ ЖОЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

20:56, 5 ақпан 2020

Былтыр Қостанай облысында ашылған «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жұмыс тиімділігін көрсетіп үлгерді. Мекеме мамандары күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдарға арнайы барып, 600 сынама алып, оны зерттеуден өткізді. Нәтижесінде жол құрылысына жарамсыз деп танылған 71 сынама бойынша хаттама толтырылып, мердігерлерге және тиісті мекемелерге жолданды.

Облыста жол құрылысының басталуына шамамен 2 айдай  уақыт бар. Дегенмен,  «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесінің қызметкерлері жұмысқа қызу кіріскен.

Зертхана арнайы құрылғылармен жабдықталған. Зертханашы Елена Гутовская қолданыстағы инертті материалдың сынамасын алып, талапқа сай болуын тексеріп жатыр. 

Зертханашы Ольга Ерошенко бетонды тастың төзімділігін тексеру үстінде.  Зертханалық жұмыс барысында жол құрылысына қолданылатын  материалдың талапқа сай екені  анықталды. 

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» былтыр маусым айында құрылған болатын. Былтыр облыс аумағындағы республикалық және облыстық маңызға ие жолдардың сапасын бақылау мақсатында инженерлер құрылыс жүріп жатқан жерлерге  барып, 600 ге жуық  сынама алды.  Жолдың геометриалық өлшемдерінің талапқа сай болуы, нормативтік және техникалық нормалардың сақталуы да қадағаланды. Осы тексерулердің нәтижесінде 371  кемшілік тіркеліп, 71  сынаманың құрылысқа жарамсыз екені анықталды. Мердігер олқылықты өз есебінен түзеуге міндеттеледі. Мақсат – мемлекет қаржысын тиімді жұмсау, жауапкершілікті күшейту.

Елімізде көліктік инфрақұрылымын  дамытуға мемлекет мейілінше қолдау көрсетіп жатыр. Жалпы облыста былтыр  500 шақырым жолды орташа жөндеуге 16 млдр теңге бөлінген.Биыл Денисов, Лисаков, Тобыл, Рудный, Сарыкол, және Арқалық қаласынд  ауқымды инфрақұрылымдық  жобалар  іске асырылады. 64 шақырым жол пайдалануға  берілмек. Ал мұндай зетрханалық жұмыстар жолдардың сапасын қадағалауға мүмкіндік бермек. Ал, сапалы жол- қауіпсіздік кепілі екені аян.

Тақырып бойынша материалдар

2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА  381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
20:30, 2 маусым 2020
2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА 381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...