ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

20:32, 17 маусым 2019

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жаһандық өзгерістерге ілесу үшін барлық салаға жаңа технологияларды енгізудің тиімділігі мен маңызы зор міндеттерді шешуге жұмыла кірісу керектігі айтылды. Осы орайда облыста қыруар шаруа тындырылды. Мысалы, ағымдағы жылдың бірінші шілдесінен бастап Тобыл өңірінің телерадио хабарлары сандық форматқа көшірілетін болды.

Биыл бірінші шілдеден бастап аналогтық хабар тарату ісі толық тоқтатылады. Енді шалғай елді мекен тұрғындары да теледидарды тек жоғары сапада тегін тамашалайды. Бұл жайлы ішкі саясат басқармасының басшысы баяндады. Өңір әкіміне ол осы күні облыстың  98 проценті сандық жүйеге көшуге тас-түйін дайын екенін жеткізді.

Елбасы тапсырмасымен елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып келеді. Оның басты бағыттарының бірі - аймақтарда телерадио хабарларын таратуды цифрландыру. Телевизия саласына сандық жүйенің енуі халықты телесигналдың жоғары сапасымен қамтиды. Сондай-ақ, отандық телеарналарға қолжетімділікті арттыруға мол мүмкіндік береді.

2013-ші жылы облыс орталығы мен Қостанай ауданы цифрлық жүйеге көшкен еді. Енді шалғай ауылдар мен шағын шаһарларда да көк жәшіктегі көрініс мінсіз болмақ. Сол үшін өңір көлемінде 59 цифрлық телемұнара тұрғызылды. Көп кешікпей, көпшілік сандық  форматтың сапасын сезнетін болады.   

Тақырып бойынша материалдар

«ЕВРАЗ КАСПИАН СТАЛЬ» КӘСІПОРНЫ  МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІН  АТАП ӨТТІ
20:07, 22 шілде 2019
«ЕВРАЗ КАСПИАН СТАЛЬ» КӘСІПОРНЫ МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІН АТАП ӨТ...
Толығырақ...
2020  ЖЫЛЫ  БАРЛЫҚ САУДАГЕРЛЕР  ОНЛАЙН БАҚЫЛАУ- КАССАЛЫҚ МАШИНАЛАРҒА КӨШЕДІ
20:27, 19 шілде 2019
2020 ЖЫЛЫ БАРЛЫҚ САУДАГЕРЛЕР ОНЛАЙН БАҚЫЛАУ- КАССАЛЫҚ МАШ...
Толығырақ...
ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
20:32, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...