ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

САНДЫҚ ТЕЛЕАРНАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

20:23, 13 тамыз 2019

Өңірімізде 1-ші шілдеден бастап, баламалы телетаратылым дәуірі аяқталып, облыс толығымен цифрлы эфирлік хабар тарату желісіне қосылғаны белгілі. Облыс аумағында осы жерсерікті іске қосатын бірнеше топтан құралған мамандар тынымсыз жұмыс істеуде. Олар тапсырыс бойынша қалалар мен аудандарға телевизия құрылғысын орнатумен айналысады. Жаңа жиіліктегі стандартқа сәйкес, мамандар өңіріміздің 627-і елді мекенін жаңа стандарттағы хабар желісімен қамтыған. Тұрғындар тарапынан түсіп жатқан шағымдар бойынша мамандар құрылғыны қалай және қайда қосу керектігін түсіндіруде. Облыс тұрғындарын заманауи телекоммуникация қызметімен қамту жұмыстары қалай жүріп жатыр? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Қазір «Сандық телеарна» ешкімге таңсық емес.  Екі айдан бері өңіріміздің елді мекен тұрғындарының дені осы жүйенің қызметін пайдаланып отыр. Мамандардың айтуынша, өңірде 627-і елді-мекен болса, соның 585-і цифры эфирлік хабар тарату желісіне қосылған. Ал қалған 42 елді-мекен сандық телехабар тарату сигналының қамту аумағынан шалғай орналасқандықтан, әзірге  жерсеріктік қондырылғыларды қолданып отыр. Мамандар бұл ауылдарға болашақта 1000 шақырымнан астам байланыс желісін орнатуды көздеп отыр. Демек, алдағы 4 жыл ішінде аталған 42 елді-мекен жоғарғы жылдамдықтағы

Астықты аймақ сандық жүйеге көшкендердің алғашқысы. Бүгінде аталмыш заманауи коммуникацияны қолданушылар күн санап артып келеді. Жылдам өріс жайып, халықтың ақпараттық сұранысын қанағаттандырып келе жатқан сандық телеарна - шексіз мүмкіндікке жол ашады дейді мамандар.

Иә, цифрлы хабар таратудың артықшылықтары мұнымен шектелмейді. Тағы бір ерекшелігі - басым жаңа бағдарлама мәзірі екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Хабарлардың электронды бағдарламасы, жаңалықтар мен өзгерістер поштаға да келіп тұрады екен. Бір сөзбен айтқанда, цифрлы телевизия сиқырлы әлем сияқты. Тетікті басып қалсаң болды, дүние дөңгелене жөнеледі. Бұл отандық телекоммуникацияны дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың игілігі екені сөзсіз. 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
20:34, 21 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...